Quantcast
Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

Өткен аптадағы оқиғалар

Жалпы өткен аптада бір неше оқиға болды, соларды атап өтпесе болмайды. Сонымен,

1. Қытай мен Қазақстан шекарасында 15 адам өлтірілді. Тапа тал түсте, бейбітшілік заманда шекарашылар түгелімен (біреуі аман қалған сияқты) қайтыс болғаны сұмдық енді. Иманды болсын қайтыс болған бауырларым.. Туысқандарына сабырлық тілеймін.. Өз ойым осыны біз тілеп алмадық па өзіміз? Егер есіңде болса Астанада бір зәулім үй салған тұғын.

Image may be NSFW.
Clik here to view.

Ел ауызында бұл үйді барлық адам "зажигалка" (оттық) деп атап кетті. Содан көп ұзамай, "оттықтан" өрт шыға бастады. Бір мәрте емес, тіпті екі рет.

Image may be NSFW.
Clik here to view.

Міне осылай, ел аузындағы сөз іске айналды. Өзің білесің өткен апталарда барлық кинотеатрларда Қазақфильм түсірген "Жау жүрек мың бала" атты көркем фильм жүріп жатты, оқиғасын көрген адам біледі, барлық жас жауынгерлер қайтыс болды, соны көрген халық жас жауынгерлерді ойлап, нәтижесінде шекарашыларымыз құрбан болды. Ау халайық - бейбіт заманда соғысты аңсап, өзіміз басымызға бәле тілеп алған жоқпыз ба осы?!!

Жалпы "Жау жүрек мың бала" бейне жайлы бөлек әңгіме керек, себебі талай заттқа назар аударатын мәселе жатыр астарында... Келер күндері жазамын...

2. Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш ашылып, 30-ші жылдары құғын репрессияға түскен азаматтарымызды еске алу күні мамырдың 31-ші жұлдызында өтті. Гүл шоғын қоямын деген абзал азаматтарға мүмкіндік бермей қойды. Тіпті кей бір қалаларда ондай ескерткіштер қойылмаған екен, ел үшін зардап шеккен адамдарға тағзым етемін.

3. Жаңаөзен оқиғасына қатысты айыптыларға жаза кесілді. Осыған қатысты Алманияда (Германияда) болған ереуілге назар аудар:

Image may be NSFW.
Clik here to view.

Полиция өкілдері өздері де халыққа қосылып елімен бірге екендігін дәлелдеді. Ана сүтін босқа ембеген, жерді босқа басып жүрмеген азамат деп осыларды айт. Бұл оқиға 2012 жылғы мамыр айының 23 жұлдызында орын алды. Жаңаөзенді ойлап, шіркін біздің қару ұстап "еркекпін" деп жүрген полициямызға үлгі болса екен деп армандаймын...

4. АҚШ-та 2012 жылғы президенттікке сайлау алды іс шаралар қызып жатыр. Республикалық партияның мүшесі Пол Рон мырзаның Луизианадағы өкілдері жаппай қамауға алынуда:

5. Еуропа одағында сұмдық басталғалы отыр. Греция Еуроодағынан шығып өз ақшасын қайта шығарады деген сыбыс жүр. Егер ол рас болса, бүкіл Еуроодақ таратылып, жылдар бойы жинаған абыройы айрандай төгіледі, себебі Португалия, Испания дағдарыс кесірінен кезекте тұр. Қытай мемлекеті мысалы, өзінің қаржы өкілдеріне Еуроодағы таратылу жайында қамдану іс әрекетерін дайындауын сұрап отыр. Қызығы, Еуроодақ парламенті отыратын ғимараты атақты Вавилон мұнарасына өте ұқсап тұр.

Image may be NSFW.
Clik here to view.

Вавилон аңызын естіген боларсың.. Барлық адамдар баяғыда жиналып Құдайға апаратын зәулім үй салмақшы болған. Құдай соған ашуланып елдің бәрінің тілін бөліп тастайды. Бірін бірі түсінбеген олар мұнараны аяқтай алмай қалады. Енді міне Еуроодақтың тағдырын сол Вавилон аңызына балап отыр кей біреулер...


Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

Trending Articles