Quantcast
Channel: Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

Республикалық музыка аспаптар мұражайына фото шолу

$
0
0

Ықылас Дүкенұлы атындағы Республикалық музыка аспаптар мұражайы

Мекен-жайы:  Зенков көшесі, 24 (28 панфиловшылар саябағында орналасқан)
Мұражайдың жұмыс уақыты:
Сейсенбі – Жексенбі: 09.00 - 18.00
Дүйсенбі: демалыс

Тел: +7 (727) 291 6917

Билет құны:
Оқушыларға - 70 тг
студенттерге - 70 тг
ересектерге - 200 тг
Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне және зейнеткерлерге тегін
Экскурсия: 600 тг
Экскурсия: қазақша, орысша, ағылшынша

Мұражай 1908 жылы бастапқыда әскери үй есебінде салынған. Кезінде бұл мұражай ғимаратын Түркістан генерал-губернаторлығының мерекелік шараларды өткізетін үйі ретінде қолданған. Ал 1981 жылы 24 сәуірде Қазақстанның музыкалық саз аспаптар мұражайы ашылады. Кейін 1990 жылы 11 наурызда мұражай XIX-XX ғасырдағы қазақтың атақты күйші қобызшысы, композитор, қылқобызда ойнаудың асқан дүлдүл шебері Ықылас Дүкенұлы атына өзгертіледі.

"Дәулеткерейдің үйіндегі думан". Чередеев.


Мұражайда 1000нан астам  мәдени құндылықтар сақтаулы. Солардың 50-ден астам түрлері музыкалық аспаптар. Бұл коллекциядағы атақы композиторлардың, күйші-әнші шеберлердің саз аспаптары қаншама... Тіпті ХVІІ ғасырдың көне музыкалық саз аспаптары әлі күнге дейін сақтаулы.

Мұражайдан ұлы Абайдың, Жамбылдың, Махамбеттің, Динаның және т.б атақты әнші-күйші композиторлардың домбыраларын көруге болады. Домбыра, қобыз, кепшік, сылдырмақ, жетіген, адырна, сазген, тоқылдақ секілді аспаптардың бірнеше түрін кездестіруге болады. Қазақ елінің аспаптарынан басқа орыстардың, дүнгендердің, ұйғырлардың  және т.б ұлт өкілдерінің бірнеше саз аспаптарын байқауға болады. Мұнда музыкалық аспаптардан бөлек, атақты ғалымдардың, жазушылардың саз аспаптар туралы жазған көптеген нақыл сөздері, зерттеулері, кітаптары бар. Олардың ішінен Шоқан Уәлихановтың, Потаниннің, Паласстың кітаптарын көруге болады.

Ал мұражайдың ерекше  құрылысы туралы айтатын болсақ,  мұражай тұтастай ағаштан жасалған,  ішкі бөлмелеріндегі қазақтың ою өрнектері мұражайға келушілерді тәнті қылады.

__________________________________________________________________________

Республикалық кітап мұражайына фото шолу


Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

Trending Articles