Сәбит Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйі
Мекен-жайы: Төлебаев көшесі, 125.
Мұражайдың жұмыс кестесі:
Сейсенбі – Жұма: 09.00 - 18.00
Дүйсенбі- Жексенбі: демалыс.
Тел: 272-59-12
Билет құны (экскурсия):
оқушыларға - 70 тг
студенттерге - 100 тг
ересектерге - 200 тг
Экскурсия 3 тілде өтеді: қазақша, орысша, ағылшынша.
Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне және зейнеткерлерге тегін.
С.Мұқановтың өзі 1965-1973 жылдары тұрған үйінде 1978 жылы 21 қарашада мұражай ашылған. Мұражай әдеби және мемориалдық бөлімдерден тұрады. Мұражайдың әдеби бөлімінде жазушының зерттеулері мен мақалалары, монографиялары, ҚР FA-ның Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық дипломы және т.б. құжаттар бар. Оның 1922 - 35 жылдары Ленинградта, Мәскеуде оқыған кезіндегі суреттер мен құжаттар рет-ретімен орналастырылған. Мұнда Тәттімбет пен Үкілі Ыбырайдың фотосуреттері бар. Суретші Ү.Әжиевтің, С.Мұқанов пен орыс жазушысы М.Горькийдің достығын бейнелейтін "М.Горький және С.Мұқанов" атты картинасы да осы залда.
Жазушы наградалары - екі Ленин ордені, екі Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет белгісі" ордендері, КСРО медальдары, сондай-ақ оның Қазақстан Жоғары Кеңесінің депутаттығына бірнеше рет сайланған куәліктері қойылған. Мұражай экспозициясында түрлі қолжазбалар, жазушының поэзиялық, прозалық және әдеби сын шығармаларының басылымдары бар. Жазушының "Сұлушаш", "Адасқандар", "Жұмбақ жалау", "Балуан-Шолақ", "Сырдария" романдары мен "Шоқан Уәлиханов", "Қашқар қызы", "Сәкен Сейфуллин" атты драмалық шығармалары туралы мол мәліметтер берілген. "Адасқандар романының басты кейіпкері - Бүркіт (Сұлтанбек) пен Бәтестің (Бәтима) түпнұсқа суреттер махаббат хикаясына байланысты көне күнделіктің мұқабасы Қызылорда қаласындағы сотқа (1927 қоғамдық айыптаушы ретінде қатысқан С.Мұқановтың куәлігі) қойылған. "Балуан-Шолақ" романының араб әріпімен басылған нұсқасы. Шәкәрімнің 1933 жылы Сәбитке жазған хаты мен фотосуреті, М.Жұмабаевтың "Шолпан" өлеңдер жинағы М.Дулатовтың "Бақытсыз Жамал романы, Ж.Аймауытовтың "Мансапқорлар", т.б. Мұқановтың жеке мұрағатында сақталған кітаптар бар.
Мұражайдың мемориалдық бөлімінде жазушының қабылдау бөлмесі, жұмыс орны, демалыс бөлмесі толық сақталған мыңға жуық кітабы бар, кітапханасы да осы бөлімде. Тұрмыстык заттары үй жиһаздары, шетелдерден келген түрлі сыйлықтар, картиналар т.б. экспонаттар қойылған. Мұражайда түрлі дәрістер оқылып, кинофильмдер көрсетіледі. Мұқановтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында ғимарат күрделі жөндеуден өткізіліп, экспозициясы жаңартылды, 8 мыңнан астам экспонат жинақталды.
__________________________________________________________________________
Республикалық кітап мұражайына фото шолу
Республикалық музыка аспаптар мұражайына фото шолу