Фантаст жазушылар көріпкелділігі жөнінде жазылған материалдар жеткілікті. Қысқа әрі қызықты жазбалар деуге болады. Бірақ біреуінде де шығармаларынан үзінді келтірілмеген. Барлық дерлік олардың шығармаларын оқыған жоқ. Осындай оймен ең танымал фантаст жазушылар шығармаларын шолып шықтым. Көңілім Артур Кларка тоқтады.
Артур Кларк фантаст жазушы геостационарлық жер серігі, интернет пайда болуын болжаған деседі. Оқи бастадым «2001: A Space Odyssey» (2001: Одиссея бір) үзінді, доктор Хейвуд Флойд айға ұшуға арналған шаттл ішінде айға сапар шегіп барады:
«Ұшақ ішінде іші пысқан жоқ. Ресми баяндамаларды, протоколдарды, еске түсіруге арналған жазбаларын оқып жалыққан соң, газеттік планшетті кеменің ақпараттық желісіне қосып әлемнің ең ірі электрондық газет басылымдарын көре бастады. Олардың кодтық белгіленуін жатқа білетініті соншалықты планшеттің артқы қабырғасында жазылған тізіміне де қарамады. Планшеттің қысқа мерзімді есте сақтау құралын іске қосып кезекті газеттің бетінің көрінісін экранға тоқтатты. Әр мақаланың атауына көзін жүгіртіп өзіне ұнайтындарын белгілеп алды. Әр мақаланың екі таңбалы саннан тұратын кодпен анықталған, кодын планшеттің клавиатурасында терсе болғаны мақаланың кішкене болып көрінген төртбұрыш беті жазуға арналған ақ беттің үлкеніндей болып планшеттің бүкіл бетіне үлкейіп шығатын, осылайша оны оқуға ыңғайлы болады. Флоид мақаланы оқып болып бүкіл бетті қайтадан қосып басқа мақаланы таңдап алды.
Ол өзіне бірнеше рет сұрақ қойған:
«Газет планшеті қолданыста жеңіл әрі ыңғайлы бола тұрып фантастикалық күрделі құрылысын жасырып тұр. Бұл адамзаттың байланыс құралдарының жетілдірудегі ең соғы жаңалығы емес екенін айқын көрсеткендей. Енді нені тілеуге болады? Мысалға өзін Флойдты алуға болады: алыста космоста, Жерден мыңдадаған километр сағатына жылдамдықпен алыстап барады, ол болса бір-екі кнопканы басып бірнешемилисекунд ішінде жер бетіндегі газетің кез-келген айдарын оқи алады. Мына электроника заманында «газета» сөзі анахронизм болды. Текст болса болса сағат сайын автоматты түрде ауысып тұрады. Егер тек ағылшын тілінде тоқтаусыз үнемі жер серіктерінен түсіп жатқан ақпаратпен толы газеттерді оқыса осы іске бүкіл ғұмырды арнауға болатын еді».
Шығарма 1968 жылы баспаханада жарық көрген. Шығарманың кейбір бөлімдерінде ғылыми негізі бар спецификалық терминдерді еш түсініктемесіз қолданып, түсінігі бар оқырмағанға ойлануға ой беріп, түсінігі жоққа танысуға итермелейді. Осылайша оқырман жай шығарма оқушы емес доктор Флойдпен бірге зертеушіге айналады. Әр құбылыстың заңдылығы және негіздемесі болады. Фантастика оқырманға сонымен қызық қой.