Quantcast
Channel: Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

Саграда Фамилиа, Готикалық квартал, Барса футбол клубы...

$
0
0

Барселонаға барып, Гауди өмірінің жартысын арнаған шіркеу Саграда Фамилианы көрмей кету, қателік болар. Ал одан бұрын оның архитектуралық стилін танып, үйрену үшін қала бойынша атақты 4-5 үйін аралап алған жөн.

Мына бір ерекше үйге тоқталғым келіп отыр: Casa Mila. Төменгі суретте оның макеті.

1906-1910 ж.ж. бұл үйді Гауди Мила жанұясына арнап салған. Содан Мила Үйі атанып кетеді. Мынау үйдің шатырынан көрінетін көріністер:

Мына суретте (жоғарыдағы) алыста тұрған "қияр" ғимаратты көруге болады. Ол түгелімен эко-ғимарат болып саналады.

Ал үйдің іші Гауди туындыларының мұражайы мен ол жасаған ескі жиһаздардан тұрады.

Гаудидің бұл үйі оның соңғы тапсырысы болған, бұдан кейін бүкіл уақытын әйгілі Саграда Фамилиаға арнайды.

Бұл үйдің жобасы сол заманда Гаудидің көптеген жұмыстары тәрізді «новаторлық» болған. Оның тіреп тұрған қабырғалары жоқ, темірбетонды колонналардың құрылысынан тұрады.

Бір дөңгелек, екі эллипстік - үш ішкі аула бар. Архитектордың жиі қолданатын элементтері. Мұндай аулаларды үйге мол ауа мен жарық түсу үшін жасаған.

Екінші бір өте ұнаған үй ол - Бальо үйі немесе тағы да оны "Сүйектер үйі" деп атайды. Бұл үй текстиль магнаты Жозеп Бальо-и-Касанованың тапсырысымен салынған, 1904-1906 ж.ж. Антони Гауди оның қайта салынуына кіріседі.

Бұл ғимараттың ерекшелігі - бірде-бір түзу сызықтың қолданылмауы. Басты фасадтың символикасы әр түрлі түсіндіріледі, бірақ шындыққа ең жанасатыны - оның Гаудидің сүйікті кейіпкері айдаһарға ұқсайтыны. Мұндай толқындалған қалқыма иілімдер оның көптеген жұмыстарында қайталанады.

Бальо үйі бір жағынан басқа архитектуралық шедевр: Амалье үйіне жанасып тұр.

Кешке Барселонаның портына барып қыдырған жөн.

Бұл қалада күндіз жағажайда күнге күйдірініп, кешке таудың самалымен дем алып қайтуға болады. Біз керісінше жасадық :)

Күндізгі архитектуралық ләззат қандай болса, кешке сізге дәл сондай құлшыныспен жан-жақтан (әсіресе бар, клубқа жақын жерде) "tea, coffee, cocaine?" тәрізді ұсыныстар қаулауы мүмкін, сондықтан абайлаңыз :)

Ал енді басты ғимаратқа келейік.

Гауди жарықпен жұмыс істегенді ұнатқан, шіркеуге жарық мынадай түрлі түсті әйнектен түсу керек деп есептеген. Ол ғимарат ішін қатты жарық та, қатты қараңғы да қылмайды.

Шіркеудің ішінде әдеттегідей архитектордың жобаларын, туындыларын көре аламыз. Мұражай ішінде Саграда Фамилианың мыңдаған макеттері, жоспарлары бар.

Ең қызығы, мына құм салынған қаптардан тұратын макет. Мұндай әдіс арқылы ол есептеулерде максимальды дәлдік болады деп есептеген.

Үстінен қарағанда Саграда шіркеуі крестті бейнелейді. Оның ені ұзындығынан тура 2 есе кіші.

Ал шіркеудің мұнарасына көтерілсең, мынадай әдемі көрініс ашылады.

Шіркеуде әлі де құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Гауди оны аяқтамаған. Оның өзіндік себебі де бар. Оның ойынша құрылысқа болашақ архитекторлар да өз үлесін қосу керек. Сонда ғимарат көптеген ғасыр ағымдарын құрайтын болады.

Ал шіркеудің сырты өз алдына бір картина сияқты.

Шіркеудің жанында Гауди салған мектеп бар. Бұл мектептің құрылысы пропорциясы жағынан идеалды деп есептелінеді.

Саграданы аралап болғанна соң, біз Барселонаның ең ғажайып бөлігі готикалық кварталға кеттік. Мұнда біз кезінде Хемингуэй, Пикассо, т.б. әйгілі адамдар тұрақтаған "4 Мысық" кафесін кездестірдік.

Айтпақшы Вуди Алленнің "Вики Кристина Барселона" фильміндегі басты кейіпкерлер осы кафеде танысады:)

Готикалық кварталдан картамен іздеп жүріп, Пикассо мұражайына келдік!

Бұл керемет мұражайдың ішіндегі асылдарды суретке түсіруге болмайтыны әрине өкінішті.

Солай біздің Барселона қаласына сапарымыз аяқталды. Сапар соңында әрине Барса футбол клубының стадионын көрмей кете алмадық :)

Сапарларымыз әрқашан да қызық та сәтті өтсін!:)


Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

Trending Articles