Quantcast
Channel: Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

Республикалық спорттық және олимпиадалық даңқ мұражайына фото шолу

$
0
0

Республикалық спорттық және олимпиадалық даңқ мұражайы

Мекен жайы: Сейфуллин көшесі 551 (Бөгенбай батыр көшесінің қиылысында)

Мұражайдың жұмыс уақыты: сағат 10.00 - 17.00

Сенбі: сағат 10.00 - 14.00

Жексенбі: демалыс

Тел: 8 (727) 267 60 39

Мұражайға кіру:

Үлкендерге - 70 тг.

Студенттерге - 50 тг.

Кішкентайларға - 30 тг.


Балуан Шолақ (Нұрмағанбет Баймырзаұлы) (1864-1919)

Елу бір пұт гірдің тасын көтерген, байтақ даланы әнге бөлеп ғұмыр кешкен, қазақ халқының сазгер, айтулы әншісі, ғажайып шабандозы Қазақстанда бірінші болып дене-тұлғасымен салмақ көтеруде (816 кило) рекорд жасаған.

Балуан Шолақ жуандылығы білектей темірді доғаша иіп, мойнына орап, қайта жазған құдіретті қара күштің иесі.

Қажымұқан Мұнайтпасұлы (1871-1948)

Батырдың алып тұлғасының өлшемі: бойы - 198 см, салмағы - 139 кило, аяқ киімінің мөлшері - 54.

Патша заманында-ақ өнер сайысына білек сыбана шыққан күш атасының саңлақ өкілдерінің бірі, әрі бірбеткейі. Әлемдік күрестерде қазақ халқының даңқын көкке көтерген, талай рет дүниежүзілік жарыстарға қатысып, еркін күресте, французша (грек-рим) күрестерінен бірнеше дүркін чемпион тәжін киген. Өз халқының Батыры атанған (1927) тұңғыш қазақ-кәсіпқой палуаны.

Бірінші зал - әлем, Еуропа мен Азия чемпиондарына арналған зал.

Екінші зал - Тәуелсіз Қазақстан залы

Еуропа чемпионаты (Тампере қаласы, Финляндия, 1987 жыл)

Ең биік мінберде тұрған Еуропа чемпионы Д.Б.Тұрлыханов (греко-рим күресі)

Үшінші зал - Салауатты өмір салтына арналған зал

Төртінші зал - Олимпиада ойындарына арналған зал

Материалды дайындаған: Айнұр Ракишева,

Айжан Кәрібаева

__________________________________________________________________________

Республикалық кітап мұражайына фото шолу

Дінмұхамед Қонаев мұражайына фото шолу

Республикалық музыка аспаптар мұражайына фото шолу

С. Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйіне фото шолу

Алматы қаласы тарихының мұражайына фото шолу

Қазақстан Мемлекеттік геологиялық мұражайына фото шолу

Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйіне фото шолу

Қазақстан Республикасының теміржол көлігінің орталық мұражайына фото шолу


Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

Trending Articles