Image may be NSFW.
Clik here to view.
Жаз мезгілінде жаңа піскен жеміс-жидектер қосылған бәліш дайындау пайдалы да тәтті. Бүгінгі жексенбілік дастарханымызда қызық шие қосылған бәліш, оның дайындалу әдісі де оңай әрі тез.
Image may be NSFW.
Clik here to view.
Бізге қажетті заттар:
Шие - 550 г.
Майсыз сүзбе - 500г.
Қант - 1/3 стақан (80 г.)
Жұмыртқа - 2 дана
Ванилин - 1-2 г.
Алдымен шиемізді жақсылап жуып аламыз да, сүйегінен тазартамыз.
Image may be NSFW.
Clik here to view.
Пешімізді 180 С-қа дейін қыздырып қоямыз. Блендер немесе ас үй комбайны арқылы сүзбе, жұмыртқа, қант пен ванилинді бір қоспа болғанша араластырамыз.
Image may be NSFW.
Clik here to view.
Image may be NSFW.
Clik here to view.
Енді әрбір шиені ұнға аунатып аламыз (ұнға аунатылса, шие формасын жақсы сақтайды).
Image may be NSFW.
Clik here to view.
Формасы бар ыдысымызға алдымен қоспаның жартысын құйып, үстіне шиелерді орналастырамыз. Одан соң қалған жартысымен үстін жабамыз.
Image may be NSFW.
Clik here to view.
Қызып тұрған пешімізге салып, 50 минуттай пісіреміз.
Image may be NSFW.
Clik here to view.
Астарыңыз дәмді болсын!
Асханада болған: Айжан Кәрібаева