Құрақ құрау қолөнердің ерекше бір түрі. Бұрынғы кезден-ақ қазақтар тілім-тілім маталарды құрап киім, көрпе, тұрмысқа қажетті түрлі дүниелерді жасайтын. Құрақ жабдықтар тек әдемілік үшін ғана жасалған емес. Ертеден сиқырлы күштерге сенетін қазақтар құрақтан тігілген заттар да оның иесін тіл-көзден сақтап, үйіне бақыт алып келетіндігіне сенген. Ал ең бастысы, құрақ-құрақ бұйымдар отбасының татулығын сақтап, ру мен ру, тайпа мен тайпа арасындағы адамдардың бірлігін нығайтатындығына нанған.
Жыл өткен сайын жаңа технологиялар дамып, құрақ құрау өнері әлем бойынша танылып келеді. Бүгінгі күні Ресей, Жапония, АҚШ, Германия сынды Еуропаның көптеген елдерінде құрақ құрау ассоциациялары белсенді жұмыс істеуде.
Қазақстандағы құрақшылардың басын біріктіру, халықаралық байқауларға шығуға мүмкіндік жасау, қазақтың ертеден келе жатқан ерекше қолөнеріне жастардың назарын аударту мақсатында Қазақстан құрақ құрау шеберлерінің ассоциациясы «Бастауларға саяхат» деп аталатын Республикалық 3-ші байқау ұйымдастырған болатын.
Бұл байқауда еліміздегі құрақ құраудың нағыз шеберлері мен өнердің осы түрін өзіне серік еткен құрақшылар туындыларын көрермендер назарына паш етті.
Байқаудан өтті, он саусағынан өнері тамған шеберлер өз еншілерін алды. Ал олардың ғажап туындыларын Ә.Қастеев атындағы мұражайдан тамыз айының 19-шы жұлдызына дейін тамашалай аласыздар.
Төменде көрмеге ұсынылған туындылар.
Кривец Н. "Қазақ жәдігерлері"
Портала Н., Чеснова О. "Шаңырақ"
Портала Н., Чеснова О. "Керуен"
Портала Н. "Дүние жасау"
Радуга Т. "Қарияның әндері"
Кәрімова Ә. "Түсті бастаулар"
Узбекова Ә. "Сахаралық себептер"
Портала Н., Чеснова О. "Алтын ою"
Кап Бұлбұл "Гүлдер"
Төлебаева А. "Құрақ көрпе"
Павлова Татьяна "Алма"
Максим Белов "Алма"
Кищенко София "Алма"
Бородулина Л. "Ас үйлік"
Муханова Людмила "Алма"
Янченко Людмила "Алма"
Сабитова Софья "Алма"
Кищенко Софья "Алма"
Фусс И. "Гүл дала"
Майиндурова Г. "Нәзіктік"
Евротекстиль "Египет"
Фусс И. "Джинс қиял"
Кап Бұлбұл "Қазақ стиліндегі панно"
Балдығұлова Б. "Баян"
Янченко Н. "Жазғы таң"
Большакова М. "Сакураның гүлдеуі"
Кищенко С. (Квилт-студия "Душегреечка") Түйме жұмыстары топтамасы
Янченко Л. (Квилт-студия "Душегреечка") Түйме жұмыстары топтамасы
Мұқанова Л. (Квилт-студия "Душегреечка") Алма-Ата
Большакова М. "Өмірдің бұраң жолдары"
Балдығұлова Б. "Калейдоскоп"
Смышляева И. "Тәңірі ұмай"
Кап Б. "Өмір ағашы"
Терлікбаева Г. "Қыш кітап"
Балдығұлова Б. "Жаз"
Көрменің өткізілетін уақыты: 4-19 тамыз 2012 жыл
Адресі: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы, Сәтбаев көшесі, 30а.
Көрмеге кіру құны:
Ересектерге - 100 теңге
Студенттерге - 70 теңге
Балаларға - 50 теңге
Материалды дайындаған Айнұр Ракишева