Quantcast
Channel: Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

Қазақ Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры мұражайына фото шолу

$
0
0

Екпіннің «Мұражайларға фото шолу» айдарының кезекті мұражайы «Қазақ Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры мұражайы». Жазғы уақыт болғаннан соң театрдың келесі ашылу маусымына қызу дайындық үстінен түстік.


Мекен-жайы: Абай даңғылы, 103
Мұражайдың жұмыс уақыты: театрда қойылым болатын күндері 1-2 сағат бұрын театр тарихымен танысқысы келетіндер тобына арнайы тапсырыс бойынша экскурсия өткізіледі.
Билет құны: тегін

1968 жылдың 24 мамырында Қазақстанның  Орталық мұражайының филиалы – өнер ордасының алғашқы мұражайы ашылды. Алғашқы қазақ театрында мұндай тарихи қойманың ашылуы көрермендерді де, өнер адамдарын да қуантты. Алайда мұражайдың ашылуы оңайға соқпады. Өйткені, 1926 жылдан бастап 43 жыл бойы жұмыс жасап келе жатқан театр жайлы материалдарды жинап, реттеу мен бір жүйеге келтіру жұмыстарымен ешкім айналыспаған еді. Бірден-бір тарихи құжаттар болып саналатын фотосуреттер мен газет беттеріне басылып шыққан мақалаларды әр әртіс өзіне байланыстысын өз үйінде сақтаған.

Бұл үлкен папкаларда театрда қызмет еткен және қызмет етіп жүрген барлық әртістердің өмірдегі және спектакльдердегі суреттері, газет материалдары, мақалалары топталып жиналады.

Қазіргі кезде жүріп жатқан қойылымдарды бейнетаспаға түсіру мүмкіндігі болғандықтан әрбір қойылым түсіріліп, мұрағатта сақталады.

Бұның барлығы кезінде театрға берілген пьесалар жинағы. Мұнда театр тарихындағы сахнада ойналған қойылымдар мен бүгінгі күні ойналып жүрген қойлымдардың барлық жазбаша түрі.

Сонымен қатар, мұражай қорында үлкен портреттер жинағы, 30-жылдардан бастап келе жатқан көптеген спектакльдерде киілген сахналық костюмдер сақталуда.

Қадиша Бөкеева КСРО халық әртісінің сахнада киген көйлегі

Шәкен Аймановтың «Асауға тұсау» спектакльнде киген костюмі

30-шы жылдарға жататын ішік

1965 жылдан бастап театр мұражайына үш жылдық қор жинау жұмысы іске аса бастады. Сол жылы театрдан мұражай ашуға көмектесу үшін комиссия құрылып, оның құрамында: театрдың суретшісі Д.Сүлеев, театрдың актерлері Қ.Бадыров, Р.Сейтметов, С.Оразбаев, театрдың режиссерлері Е.Обаев, Ә.Рахимов, әдебиет бөлімінің меңгерушісі Қ.Нүрпейісов, труппа бастығы Х.Каримов, т.б. болды. Аталған үш жылдың ішінде сол кездегі орталық мұражайдың директоры Есова Сара апайдың көмегімен 500-ге жуық суреттер қабылданды.

Сөйтіп 1968 жылдың мамыр айының 24 жұлдызында театр тарихындағы алғашқы мұражай ашылды. Мұражай М.Мәметова мен Абылай хан көшелерінің қиылысы, қазіргі Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрының ғимаратында орналасты.

Бүгінгі күні мұражайда 1930 жылдардан бастап осы күнге дейінгі қойылымдардың фотосуреттері, афишалары, бағдарламалары, өмірден озған театр әртістерінің өмірбаяны, жеке материалдары, қолжазбалары, алған сыйлықтары сақталған.

Наргиз Тамабекқызы, М.Әуезов театр мұражайының меңгерушісі:

42 жылдық тарихы бар Қазақ Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театр мұражайының алға қойған жоспарлары көп. Кіші де болса, тарихы бай театр мұражайы қазақ өнерінің ірі тұлғаларының тарихын, қазақ мәдениетінің тарихын кейінгі ұрпаққа жеткізу үшін ат салысып қызмет етуде.

© Екпін

__________________________________________________________________________

Республикалық кітап мұражайына фото шолу

Дінмұхамед Қонаев мұражайына фото шолу

Республикалық музыка аспаптар мұражайына фото шолу

С. Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай-үйіне фото шолу

Алматы қаласы тарихының мұражайына фото шолу

Қазақстан Мемлекеттік геологиялық мұражайына фото шолу

Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйіне фото шолу

Қазақстан Республикасының теміржол көлігінің орталық мұражайынафото шолу

Республикалық спорттық және олимпиадалық даңқ мұражайына фото шолу

Қазақ Ұлттық медицина мұражайына фото шолу


Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

Trending Articles