Image may be NSFW.
Clik here to view.
Аспаздық айдарынның бүгінгі санында сіздермен қатпарлы бәліш немесе ватрушка жасаудың әдіс-тәсілімен бөліскіміз келеді. Қатпарлы ватрушка кәдімгі ватрушкаға қарағанда жеңіл тағам. Сонымен қатар, оны дайындау әдісі оңай әрі тез.
Image may be NSFW.
Clik here to view.
Бізге қажетті заттар:
- Сүзбе
- Қант
- Ванилин ұнтағы
- Қатпарлы қамыр:
- 200 г. - маргарин.
- 2 стақан - ұн
- 1/2 стақан - су
- 1 шәй қасық - қант
- 1/4 шәй қасық - тұз
Қатпарлы қамырды жасау үшін: бірінші, ұнға маргаринді бөлшектеп саламыз. Екінші, суық суға қант пен тұзды салып, толық ерігенше араластырамыз. Үшінші, дайын болған суық суды май салынған ұнға құйып, тез илеп қоямыз.
Иленген қамырдың үстін майлықпен жауып, тоңазытқышқа 2-3 сағатқа (1 түнге қойып қойса да болады) қойып қоямыз. Артынша қамырды тоңазытқыштан алып жаямыз. Жайылған қамырдан қатпарлы қамыр шығуы үшін бірнеше қатпар қылып, бүктей отырып, қайта илейміз.
Image may be NSFW.
Clik here to view.
Дайын қатпарлы қамырды бірнеше бөлікке бөліп, домалақтап, майланған қаңылтыр табаға саламыз.
Image may be NSFW.
Clik here to view.
Домалақ қамырдың барлығын сүзбе салғанға ыңғайлаймыз.
Image may be NSFW.
Clik here to view.
Сүзбені қамырға салмас бұрын қантпен араластырып аламыз.
Image may be NSFW.
Clik here to view.
Дайын сүзбені әрбір бәлішке салып шығамыз.
Image may be NSFW.
Clik here to view.
Бәліштерімізге әдемі рең беру үшін үстінен жұмыртқаның сарысын жағамыз.
Image may be NSFW.
Clik here to view.
Артынан 280 градусқа дейін қызған пешке салып, қызарғанша пісіреміз.
Image may be NSFW.
Clik here to view.
Піскен бәліштердің үстінен ванилин ұнтағын себеміз. Сүзбе қосылған тәтті қатпарлы бәліш дайын.
Image may be NSFW.
Clik here to view.
Астарыңыз дәмді болсын!
Асханада болған Айнұр Ракишева