Quantcast
Channel: Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

15 қараша — Қазақстан ұлттық валютасының күні

$
0
0

Бүгінгі датаға орай теңгеміздің тарихына шолу жасасақ... Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мұражайының негізін КСРО Мемлекеттік Банкінің Қазақ Республикалық кеңсесінің басқарушысы В.А. Бондаренко мен Банк жүйесінің даму тарихы кабинетінің меңгерушісі В.А.Бахарев қалаған.

Мұражайдың 1997 жылдың 13 қарашасында болған ресми ашылуына ең бірінші болып келген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Мұражайдың құрметті қонақтарына арналған кітапқа»:



Бүгінгі күні тек Республикалық қана емес, сонымен қатар халықаралық та мәні бар Ұлттық Банк мұражайының қорында 5 мыңнан астам жәдігер бар. Ал экспозицияға мыңнан астам әр түрлі жәдігерлер қойылған. Олар: алтын адамның макеті, банкноттар, монеталар, тарихи құжаттар, кәдесыйлар, алыс және жақын шетелдерден келген қонақтардың сыйлықтары, Мемлекеттік банктің Қазақ Республикалық кеңсесі басқарушыларының портреттік галереясы, Ұлттық Банк Төрағаларының портреттері, антиквариат жиһаздар және альбомдар.


Көшпенділердің ежелгі мәдени байлығы ғана емес, сонымен қатар мемлекетіміздің жетістігі де болып саналатын «Алтын адам» макеті мұражайдың декоративтік орталығында орналасқан.

Ал енді Ұлы Жібек жолы дәуірлеп тұрған уақыттан бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықты кезеңдер бойынша қарастыратын «ақша әлеміне» қызықты саяхатымызды бастаймыз.


Ұлы Жібек жолы — біздің мыңжылдықтың бірінші ғасырынан бастап Х ғасырға дейінгі аралықта әйгілі ұлы сауда керуен жолы болған. Бұл кезең Отырар, Тараз, Испиджаб, Сарайшық қалашықтарында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған монеталармен әйгілі.




Орта ғасырда монеталарды тек беделді ру-тайпа өкілдері ғана шығарған. Олардағы белгілер мен таңбалар осы биліктің нышанын көрсетіп тұрған. Яғни бұл кезеңнің монеталарында таңба ретінде жер, су, аспан және әр түрлі хайуанаттардың сұлбасы, балық қаңқасы, құстардың бейнесі өрнектелген.

Ал бұл ортасында төрт бұрышты ойығы бар монеталар Ұлы Қытай қорғаны арқылы өтуге рұқсатнама ретінде қолданылған.

Екінші экспозияция «Төңкеріске дейіңгі Ресейдің ақша белгілері» деп аталады



Ресейдің бірінші қағаз ақша белгілері ІІ Екатеринаның кезінде 1769 жылы, ал монеталар 1534 жылы пайда болған.

ІІ Екатерина бейнеленген 100 рубльдік банкнот — сол кезеңде шағын сиыр табынын сатып алуға болатын атақты «катенька» болған.




1725 жылы шведтің мыс плиталарының үлгілері бойынша төрт бұрышты пластиналар түрінде соғылған мыс рубль. Металл ақшаның бұрыштарына елтаңбаның бейнесі, ортасына құны және шығарылған жылы бейнеленген. Салмағы 1,6 киллограмм, мөлшері 18-19 сантиметр.

Уақытша үкіметтің ақша белгілері


1917 жылғы ақпан төңкерісі көп жағдайда эсерлер және меньшевиктер партиялары қолдаған Уақытша буржуазиялық үкіметінің билікке келуімен аяқталды. Кезінде осы Уақытша үкімет кезінде пайда болған ақшаның сыртқы кейіпі халыққа ғана емес, сонымен қатар ірі буржуазияға да жағымсыз әсер еткен.

Суретте бейнеленген мың рубльдік билетте Мемлекеттік дума үйі бейнеленгеннен кейін оны «думалық» деп атап кетсе, 1917 жылдың жазынан бастап шыға бастаған 20 және 40 рубльдердің түрі ақшаға қарағанда шараптың және квастың жапсырмасына көп ұқсайтын болғандықтан, оны халық «Квастың ярлыктары» деп атаған.

РКФСР-дың және КСРО-ның ақша белгілері


Бұл экспозицияда 1919 жылғы наурызда РКФСР ХКК-нің 1919 ж. 4 ақпандағы декретке сәйкес пайда болған ақшалар орналасқан.


1920 жылы Хорезм республикасында ақша жібектен жасалынып, ол «шелковкалар» деп аталды. Кейінінен бұл ақша күшін жойғаннан кейін оларды әйелдер құрақ көрпелерге пайдаланған.


1965 жылы жаңа мерейтойлық кеңестік монеталар шығару дәстүрі қаланды.

ТМД елдерінің ақша белгілері






Ұлттық валюта — Теңге


Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 3 қарашадағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасын енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Оның құрамында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі С.Терещенко — комиссия төрағасы және комиссия мүшелері — Қазақстан Республикасының вице-президенті Е.Асанбаев, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Д.Сембаев, ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Ғ.Байназаров, ҚР Қаржы министрі Е.Дербісов және ҚР Экономика министрі Б.Ізтілеуов болды.

Республиканың Жоғарғы Кеңесінде және Үкіметінде өткізілген Ұлттық валютаның атауы туралы кеңейтілген жабық пікір таластың нәтижесінде Жоғарғы Кеңестің жоспарлау-бюджет комиссиясының сол кездегі төрағасы болған С.Тәкежановтың ұлттық валютаны — Теңге, ал оның жүзден бір бөлігін — Тиын деп атау туралы ұсынысы қабылданып, теңгенің дизайнын дайындау құрамында Т.Сүлейменов (жетекші), М.Әлин, Х.Ғабжәлилов және А.Дүзелханов (дизайнерлер) бар авторлық ұжымға тапсырылған.


Қазақстанның тұңғыш Ұлттық валютасы Англиядағы «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын ағылшын компанияларының бірінде дүниеге келген.


Алғашқы қағаз тиындар.


Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арнайы шығарылған тұңғыш күмістен жасалған 1 киллограмдық тиын. Бұл тиын екі нұсқада шыққан. Сол жақтағы еуропаның, ал оң жақтағысы шығыстың безендіру үлгісі бойынша жасалынған.


Астана қаласының 10 жылдығына арнайы шығарылған ескерткіш күміс монета.


Ұлттық валютаны еңгізудің 15 жылдығына арналған мерейтойлық алтын монета.


Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған ескерткіш алтын монета.


«Дүниенің танымал мешіттері» сериясынан ескерткіш монеталар.



Гауһар тастармен безендірілген алтын монеталар: «Қызыл бөрі», «Сілеусін», «Барыс».



Барыс жылына арнайы шығарылған күміс монета.





2007 жылдың 7-9 мамыры аралығында Бангкок қаласында өткен Currency Conference валюта конференциясында қолма-қол ақшамен жұмыс департаментінің бас дизайнері Меңдібай Қойшыбайұлы Әлиннің авторлығымен дүниеге келген 10 000 теңгелік банкнот «Ең үздік жаңа банкнот» сыйлығын иеленген.






«Қазақстан халықтарының ертегілері» сериясының күміс монеталары.


Қазақ жерінде тұңғыш рет өткен VII Қысқы Азиада ойындарына арнап Қазақстанның Теңге сарайы шығарған 1 килограммдық алтын монета.


Қазақ жерінде тұңғыш рет өткен VII Қысқы Азиада ойындарына арнап Қазақстанның Теңге сарайы шығарған 1 килограммдық күміс монета.


Қазақстандағы барлық монеталар Өскеменде орналасқан Теңге сарайында дайындалып шығады. Олардың дизайнын Ұлттық банктің банкноттар мен монеталар дизайны бөлімінің бастығы В.П.Ивженко басқарған дизайнерлер тобы жасайды.


Мекен-жайы: Панфилов көшесі, 98
Жұмыс уақыты: Дүйсенбі — Жұма
Демалыс: Сенбі, Жексенбі
Телефон: 8 (727) 261 25 70
Факс: 8 (727) 704 703
E-mail: museum@nationalbank.kz
Мұражайдың меңгерушісі: Сангулова Сәуле Тұрарбековна
Мұражайға кіру үшін алдын ала ҚР Ұлттық Банкінің Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаментінің директоры Терентьев Александр Леонидовичке мұражайға келетіндер саны, жетекшінің аты-жөні және жеке нөмірі жазылған фирмалық бланкты факс арқылы жіберу міндетті.

Мәтін, фото: Айнұр Ракишева


Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

Trending Articles