Quantcast
Channel: Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

«Жылы өлке»

$
0
0

6 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі аясында Мемлекеттік орталық мұражайда Қазақстан мен Орта Азияның белгілі суретшілерінің туындылары жинақталған «Жылы өлке» атты көрме ашылды.

Көрменің басты мақсаты Алматы қаласының тұрғындары мен қала қонақтарын Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты бұрынғы біртұтас социалистік мемлекеттердің ХХ ғасырдың 60-80 жылдарындағы реалист-суретшілерінің біртума туындыларымен таныстыру.

Көрмеден қазіргі отандық бейнелеу өнерінің берік іргетасын қалап, қазақ тарихын, мәдениетін және дәстүрін бейнелеуде өнегелі жол көрсеткен Ж.Шарденов, К.Шаяхметов, А.Черкасский, Н.Нұрмұхамедов, М.Кенебаев, А.Исмаилов, Б.Табиев сынды тұлғалардан бастап, Өзбекстан мен Қырғызстанның халық суретшілері А.Перов, К.Керімбеков, А.Осмонов сынды суретшілердің 70-ке жуық тамаша туындыларын тамашалай аласыздар.

Ал енді назарларыңызға Екпіннің "Жылы өлке" көрмесіне шолуын ұсынамыз.

"Шығарып салу", 1977 ж. А.Перов, Өзбекстанның халық суретшісі.
"Шығарып салу", 1977 ж. А.Перов, Өзбекстанның халық суретшісі.
"Дастарқан", Е.Бисембинова.
"Таң. Балықшылар", 1990 ж. К.Керімбеков, Қырғызстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.
"Тоқтағұлдың әні", 1985 ж. Т.Назаренко.
"Тау өзені", 1978 ж. К.Керімбеков
"Қалыңдық", Т.Тоғысбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.
"Салнақтың шуақты күндері", 1987 ж. Т.Тоғысбаев.
"Жанұя", Б.Табиев, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.
"Арсланбоб", 80-жылдар, В.Корбан.
"Жайлау", 1972 ж. А.Шурыгин.
"Жайлаудағы таң", 1974 ж. В.Светлицский.
"Ана", 1995 ж. А.Осмонов, Қырғызстанның халық суретшісі.
"Үзіліс", В.Мартиросов.
"Жылы өлке" көрмесі 6 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында өтеді. Бейнелеу өнері шеберлерінің  туындыларын сағат 10:00-ден 17:00-ге дейінгі аралықта тамашалай аласыздар.
Демалыс күні: сейсенбі
Мекен-жайы: Самал-1, 44 (Фурманов пен Жолдасбеков көшелерінің қиылысында)
Байланыс телефондары: 264 - 46 - 50, 264 - 55 - 66
Материалды дайындаған: Айнұр Ракишева

Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

Trending Articles