Quantcast
Channel: Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

«...Ғасырмен тең қасіретті бір күнім»

$
0
0

Биылғы жылдың ақпан айында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында ақын, жазушы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Иранбек Оразбаевтың (Иран-Ғайып) «Фатима» атты қасірет-намасының тұсаукесері өтті.

Шығармада ұлы қаламгер Мұхтар Әуезовтің жары Фатима Ғабитованың ғұмыры баяндалады. Ол аштықты, қанды репрессияны, революцияны, Ұлы Отан соғысын бастан кешірген. Осылайша жалпы қазақтың басынан өткен сұрапыл кезеңдер бір ананың тағдыры арқылы бейнеленеді. Біләл Сүлеев, Ілияс Жансүгіровтен айырылатын сәттері, кейін үшінші жары Мұхтар Әуезовпен кездесетін кезі көпшілікті бей-жай қалдырмайды.

Шығармашылық топтың пайымынша, туынды тәрбиеге бай. Өйткені, бүгінгі аласапыран уақытта туған баласын өзекке теуіп, қиындыққа шыдамай шаңырағын шайқайтын ұл-қыздарымыз көбейіп келеді. Бұл ащы да болса шындық. Дегенмен, ұйқасқа өрнектелген өлең жолдарын сахнаға шығару білікті әртістер үшін қиын болмаған.

Осы орайда ақын- драматург Мемлекеттік сыйлықтың иегері автор Иран-Ғайыптан аз-кем пікірін ұсынбақ едік:

Біз батысқа, шығысқа қарап, таңдайымызды қағамыз. Мысалы, испанның «Карменіне», орыстың «Каренинасына», Еуропаның «Мадоннасына» еліктейміз. Өзімізде де бар ғой. Жер жүзінде қазақтан асқан, оның ішінде қазақ әйелінен асқан сұлулық бар ма? Солардың жанына үңілу керек болды.

Күрмеуі қиын кезеңді басынан кешірген тұлғалар әйелінің рөлін ойнау оңайға соқпас. Осы орайда, Фатима бейнесін алып шығу — Ақбота Қаймақбаева мен Ақмарал Дайрабаеваға бұйырды. Драмалық спектакльге жіті дайындалған қос актриса туындыдан төзімділікке үйренді деп ойлаймын.

Спектакльдің қоюшы-режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. «Құрмет» орденінің иегері Мұрат Ахмановтың да ойын ұсынған едік:

1937 жылы Ілияс Жансүгіровты ұстап алып кеткен кезде ол кісінің көп қолжазбаларын НКВД-ның адамдары келіп тексеріп, алып кетіп, барлығын жоқ қылған. Керек еместерін лақтырып өрттеген. Ал солардың ішінде көптеген құжаттарды, осы Фатима анамыз Ілиястың жары ғана емес, басқа да ақын-жазушыларымыздың жазбаларан сақтап қалған.

Ал, жұмыс барысында актерлерге көп іздену керектігін айттым. Өйткені, бұл тарихи тұлғалар. Біздің негізгі мақсатымыз — сол кісілердің бейнесін, түр-түсін анықтап беру емес, сол кездегі нәубетке байланысты жан айқайлары.

Драматургияда жазылғандай, басты мәселе-адамдардың жан-дүниесін ашу. Олай болса, қойылымдағы тарихи кезеңдер бір ананың бейнесі арқылы шебер көрсетілді. Өзара үндескен актерлар мен балетмейстер қимылдары халық басынан кешірген ауыр көріністерді қалың көрерменнің көз алдына әкелді. Еріксіз көзге жас ұялатып, бүгінгі күнге шүкір дегізеді.

Осы орайда жазушының ұлы қаламгер, мәдениеттанушы — ғалым Мұрат Әуезовпен де сөйлескен едік:

«Бүгінгі жағдайым ерекше, өйткені толғанып тұрмын. Ал бұл толғаныс бүгін өмірге келген туындының сәтті шыққандығының дәлелі деп білемін. Әуелі пьесаны жазған драматург Иран-Ғайып бауырымызға рахметімді айтамын. Анамыз қазақтың XX ғасырдағы тарихи тағдырын басынан, жүрегінен кешкен адам. Ашаршылық, репрессия зардабы жайында анамыздың өз күнделігі бар, яғни кезінде өз өмірін, өз көңіл-күйін жаза отырып, ол кісі қазақ тарихындағы аса мәнді даталарды хатқа түсірген. Сондай-ақ анамыздың қазақтың біртуар азаматтары, яғни өз жарларымен жазысқан хаттары да сақталған, олардың бәрі топтастырылып, қазақ және орыс тілдерінде кітап болып басылып шықты. Анамыздың өмірін театрда қоюға немесе кино қылып түсірсек қайтеді деп көп ойлайтынмын.

Ал осы сахнадағы қойылымды қарап отырып көзіме жас келді. Менің анам болғандықтан ғана емес, бұл өзі бір жеке адамның тағдырына барлық ұлттың тарихын сыйдырған жаңа тың дүние болып шығыпты. Меніңше, бұл-қазақ өнері үшін үлкен туынды. Ұлы ойларға жетелейтін көптеген ұтымды шешім таба білген режиссерге рахметімді айтамын».

Біз білетін «Фатиманы» театрымыздың жас актрисасы Ақбота Қаймақбаева мен Ақмарал Дайрабаева, Біләл Сүлеевті — Руслан Ахметов, Данияр Базарқұлов, Ілияс Жансүгіровті — Бейбіт Қамаранов, Мақсат Сәбитов, Мұхтар Әуезовті — Бақыт Тушаев, Елдар Отарбаев ойнады.

Қойылымдағы тарихи кезеңдер бір ананың бейнесі арқылы нанымды шыққан. Терең ойлы, өз қиыншылығына мойын ұсынбаған, аңыз әйел Фатима Ғабитова 1968 жылы өмірден озады.

Өмір шындығынан еш алыстай қоймаған спектакльдің соңы Фатима анамыздың:

...Ғасырмен тең қасіретті бір күнім,

Сұрапылды қара қошқыл көк тайғақ,

Тағдырымының мұзы үстімен сырғыдым.

Кейде күліп, кейде жылап егіліп,

Тоқтамастан, әлі сырғып келемін.

Қара көзден ыстық жасым төгіліп,

Тағдыр-мұзым еріген сәт-өлемін.

Гүлназ Әділғалиқызы

өнертанушы

Ұқсас материалдар:

Жазира Ташматова: «Фатима»


Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

Trending Articles