Quantcast
Channel: Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

Алматыны не үшін жақсы көреміз?

$
0
0

Осы материалмен жаңа айдарымыздың тұсауын кесіп, келесі жазбаларда Алматы тұрғындары мен Алматыға ғашық жандармен сұхбаттасуды жоспар етіп құрдық. Алғашқы материалымыз Алматыны жақсы көретін себептер тізімінен басталады.


  1. Таулары үшін: Алмарасаннан сәл көтерілгендегі көрініс
  2. Таңы үшін: таң енді ғана атып келе жатқандағы тыныштық пен нәзіктік
  3. Түнгі өмірі үшін: қай лаундж, кафеге бармасаң да, әйтеуір бір таныстарыңды кездестіресің
  4. Кішкентай сүйкімді кофеханалары үшін
  5. Әдемі, сәнді, еркін жастары үшін
  6. «Ақ сарай» театры үшін
  7. Ұлттық кітапхананың бай мұрағаты үшін
  8. Арзан таксиі үшін
  9. Ең күшті балериналары үшін
  10. Еш қай жерде болмайтын Джаззистаны үшін
  11. Қыста сноуборд, коньки, шаңғы теуіп жүрген белсенді тұрғындары үшін
  12. Ең бай букинист дүкендері үшін
  13. Динамо стадионында жүгіріп жүрген әжелер мен аталары үшін
  14. Буккроссинг сияқты қызықты шаралары үшін
  15. Талантты суретшілердің көрмелері үшін
  16. Төлебаев көшесі үшін
  17. Күзгі уақытта керемет пейзаждары үшін
  18. Дизайн, фотография мен IT салаларында жұмыс жасап жүрген талантты мамандары үшін
  19. Қазақфильм киностудиясы үшін
  20. Көк-төбе үшін
  21. Ең үлкен мұз айдыны Медеу үшін
  22. Керемет концерттер өтетін Республика сарайы, Қазақ концерт пен Студенттер сарайы үшін
  23. Шулы қаладан демалуға болатын Ботаникалық бақ үшін
  24. Зообақ үшін
  25. Панфилов паркіндегі тазалық пен тыныштық үшін
  26. Қашан барсаң да музыка ойнап тұратын, әдемі картиналарды алмасаң да, суретшілердің өнеріне тамсандыратын Арбат үшін
  27. Демалуға, тыныш отырып кітап оқуға ыңғайлы Меганың артында ағып жатқан Алматинка өзені үшін
  28. Президент саябағындағы әдемі фонтандар үшін
  29. «Неделька», «Театралка», «Төлебайка» сынды сквер, парктері үшін
  30. Алматының ескі бөлігі үшін: өзіңді қаланың бір бөлшегі сезінесің
  31. Абай-Абылайхан көшелерінің қиылысында орналасқан дөнер кафесі үшін
  32. Мәдени, қоғамдық іс-шаралар көп болатындығы үшін
  33. Қонаев-Шевченкодан жүретін кофейня-тармвай үшін
  34. Құбылмалы ауа-райы үшін, адамның көңіл-күйіне ұқсас...

Бұл тізімді пікір арқылы бірге жалғастыруға баршаңызды шақырамыз.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

Trending Articles