Quantcast
Channel: Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

Жексенбілік дастархан: Шоко-шоколад торты

$
0
0

Аз уақытта дайындалатын шоколадты торт арқылы жексенбіңізді мерекеге айналдырып жіберіңіздер.


Ол үшін бізге:

Бисквитке

- 350 г. қоюлатылған сүт

- 2 жұмыртқа

- 125 г. ұн

- 25 г. какао

- 1 ш.қ. сода

Кремге

- 500 мл. сүт

- 150 г. қант

- 1 жұмыртқа

- 70 г. ұн

- 25 г. какао

Глазурь үшін

- 150 г шоколад

- 35 %-дық 75 мл қою сүт (сливки) керек.

Бірден пешімізді 180 С қыздырып қоюға болады. Алдымен жұмыртқаны үлпілдеген ақ көпіршік болғанға дейін миксермен араластырамыз.

Оның үстіне қоюлатылған сүт (сгущенка) мен соданы қосамыз.

Дұрыс мөлшерленген ұн мен кокаоны қосамыз да, араластырамыз (миксермен емес).

Енді қоспаны алдын ала асты майланған орташа табаға құйып, пешке 25 минутқа салып қоямыз.

Бұл аралықта кремнің мәселесін шешейік. Ол үшін бірінші жұмыртқаны миксерлеп, оған қант, сүт, ұн қосамыз. Сүтті де дұрыстап мөлшерлеу керек.

Оның бәрін маздаған отқа қоямыз да, қайнағанынша араластырып тұруды ұмытпаймыз.

Соңында какао қосып араластырып, оттан алып, суытып қоямыз. Бізде енді торт құрастыратын екі дайын материал пайда болды.

Дайын болған бисквитті үш коржға бөлеміз. Әр коржды кремдеп, торт құрастырамыз да, оның бәрін 6 сағатқа тоңазытқышта суытамыз.

Торт жинақы қалпына келгеннен кейін, тоңазытқыштан алып, енді глазурь дайындаймыз. Ол үшін бар болғаны қою сүтте шоколадты ерітеміз.

Еріп, қайнаған соң, глазурьді бірден торттың үстіне құямыз. Оған да қату үшін біраз уақыт берейік. Нәтижесінде бисквиттің арасында әдемі үйлескен жұмсақ крем мен үстіндегі шоколадты глазурі бар тәтті торт шығады. Оның үстін қалауыңызша әрлеуге болады. Маған шоколад пен бананның үйлесуі әрдайым ұнайтын.

Астарыңыз дәмді болсын!

Асханада болған Айжан Кәрібаева

Фотолар инстаграмда өңделді, менің инстаграмым: http://instagram.com/aizhan_karibay/



Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

Trending Articles