Quantcast
Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

Джайсалмер қамалы мен Тхар құмды шөлі

Image may be NSFW.
Clik here to view.

1.Image may be NSFW.
Clik here to view.

Джайсалмер қаласы Делиден 914 шақырым, Раджстан штатының батысында орналасқан.

Хинди тіліндегі регистан (раг-құм, стан-жер) сөзі парсы тілінен құмды жер деп аударылады

2.Image may be NSFW.
Clik here to view.

Джайсалмер қамалы - ортағасырдан бері сақталған қаланың басты тарихи комплексі.

Есесіне, әлемдегі әліге дейін халық мекен ететін бірден-бір тарихи ескерткіш қамал.

3.Image may be NSFW.
Clik here to view.

Көптеген әскери жорықтардан қорғанған қамалды зеңбіректермен де атқылаған, ол замандаңы зеңбірек оқтары маңайда баршылық

4.Image may be NSFW.
Clik here to view.

Маңайдағы барлық үйлер мен ғимараттар жергілікті құм тасынан бой көтерген.

5.Image may be NSFW.
Clik here to view.

Орта ғасырларда Джайсалмер маңызды сауда жолдарында орналасқан себептен гүлдеді. Керуендер Мысыр, Таяу Шығыс, Орта Азия және Үндістан арасында қатынады, алайда мұхиттағы кемелердің ықпалы қуатына жеткенде, стратегиялық орталық Бомбейге көшті. Пәкістан мен Үндістан арасындағы қақтығыстардың салдарынан шекараға жақын Джайсалмер соңғы 60 жылда кайта маңызды ортаға айналды.

6.Image may be NSFW.
Clik here to view.

Ортағасыр раджалардың музейге айналған сарайдың (хавели) бір бөлшегі.

7.Image may be NSFW.
Clik here to view.

Мини фортепиано ұстасы.

8.Image may be NSFW.
Clik here to view.

Түркиядан келген саяхат бір топтың егде әйелі. Мен киген футболкамның арқасында Заман деген атымды көріп қызықты, қазақ екенімді айтқанда, түрікше әңгімесін соқты.

9.Image may be NSFW.
Clik here to view.

Қамалдың ішкі шеңберіндегі қонақ үй, алайда Lonely Planet саяхатшы гид кітабінде қамалды су құбырлары және қаптаған саяхатшылардың әсеріне тап болған ескертіш қамалда қоныстанбауға кеңес берілген. Дегенменде жергілікті тұрғындардың 4/1 бөлігі қамал ішінде шоғырланған.

10.Image may be NSFW.
Clik here to view.

Біз де шетте қалмау үшін қамалдан шет орын тепкен қонақ үйге қоныстандық, shahi palace қонақ үй желісінің ресторан террасасы.

11.Image may be NSFW.
Clik here to view.

Тәжірибелі бэкпэкерлер, сол жақтағы бикеш Тайландтан, біз оған 250 шақырым жердегі Джотпур темір жол станциясында бір күн бұрын кезігіп, қайда жол тартқанын сұрағанбыз, бір минут сөз алмасқан соң өз жолымызбен кеттік, келесі күні Джайсалмерде террасада отырғанда сол бикеш те келе қалды. Бірден танып, біздің таңғы асымызға қосылды. Дәл сол қонақ үйде бір бөлмені, қасындағы бойжеткен мен бөлісіп қоныстаныпты. Әңгіме барысында біздің  Харидвар (900 шақырым жерде) қаласынан бір пойызда келгеніміз белгілі болды. Екеуінің де орта Азияны саяхаттап танығысы келеді, әсіресе Қырғыз елінің тауларын, біздің Арал теңізіндегі тотылған кемелерді, бактриянды (екі өркешті түйе) тамашалағысы келетінін бізбен бөлісті.

12.Image may be NSFW.
Clik here to view.

Мәз бүлдіршін әкесінің мотоциклын жүгендеп отыр.

13.Image may be NSFW.
Clik here to view.

Айналадағы ауыл бүлдіршіні.

14.Image may be NSFW.
Clik here to view.

Ауылдың ескі үйшіктері.

15.Image may be NSFW.
Clik here to view.

Күніге келетін саяхатшыларды көретін бүлдіршіндер қайыр тілеп ештеңе сұрамайды, өйткені олар қарапайым ауыл балалары. Қаламсап сыйға тартсаңыз, соған риза болып достарына көрсетеді.

16.Image may be NSFW.
Clik here to view.

Ата-бабаларының моласына келген жас ерлі-зайыптылар.

17.Image may be NSFW.
Clik here to view.

Мола тасында санскрит тілінде жерленген кісінің қысқа-нұсқа өмірбаяны мен оның жақын туыстары туралы мәлімет қашалынған.

18.Image may be NSFW.
Clik here to view.

Үндістанның ұлттық тоты құсы артынан қалған төбешік.

19.Image may be NSFW.
Clik here to view.

Әр қонақ үйде түйе сафари ұсынылады, бір күн не бір аптаға созылатын саяхаттарға аттануға болады. Бірінші бізді, осындай (алдыңғы есігі жоқ) джиппен 30-40 шақырым жерге апарды.

20.Image may be NSFW.
Clik here to view.

Кейін бізді түйе шопандарына табыстады, нар түйелеріне отырып, екі сағаттық сафариге аттандық. Сұранысқа ие "бір күн бір түн ұсынысы", далада ашық аспан астында түнеу көпшіліктің арманы, қосымша ретінде жергілікті тұрғындар от алдында ұлттық билерін билейді.

21.Image may be NSFW.
Clik here to view.

Тхар шөліндегі құмды төбе күннің батуынан, қызғылт сары түске айналуда.

22.Image may be NSFW.
Clik here to view.

Түйелердің шопанына біздің елден тәтті сыйлық.

23.Image may be NSFW.
Clik here to view.

Тамақтану уақыты.

24.Image may be NSFW.
Clik here to view.

Байқасаңыз, бұл шөл даланың келбеті біздің елде жайылған далаларға өте ұқсас, тек кей жерлерде құмды қырларға тап боласыз

25.Image may be NSFW.
Clik here to view.

26.Image may be NSFW.
Clik here to view.

Бұл жерге мен екі рет барып келдім, алайда бір ғажап күш қайттан оралуға шақырады.

Саяхаттаған: Намаз Нирак

фото автордікі

Image may be NSFW.
Clik here to view.

Алғашқы мото саяхат Дели-Агра-Дели

Саяхат ІІ, Ришикеш және ұмытылмас bungy jump

САЯХАТ 3, Каджурахо - өнер ме әлде пасықтық па?


Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

Trending Articles