Quantcast
Channel: Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

Жексенбілік дастархан: Döner kebab

$
0
0

Бүгінгі жексенбілік асханамызда осы уақытқа дейін көпшілігіміздің сүйікті фаст-фудымызға айналып үлгерген "Döner kebab"-ты үй жағдайында жасау жолымен бөлісеміз.

Ол үшін бізге не қажет:

  • Лаваш

  • Талғамыңызға қарай түрлі көкөністер (қияр, қызанақ, сәбіз, қырыққабат, пияз т.б.)

  • Ет (тауық, қой, сиыр еті)

  • Қуырылған картоп

Дайын көкөністердің барлығын лавашқа кезекпен салып, ең үстінен майонез жүргізіп өтеміз.

Артынан табаға қуырылған тауық етін майынан жақсылап сүзіп алып, лавашқа саламыз. Сөйтіп үстінен кетчуп жүргізіп өтеміз.

Ең соңынан үстіне жіңішкелеп туралып, қуырылған картоп таяқшаларын саламыз. Қажет десеңіз, ащы аджика соусын қосып жіберуіңізге болады.

Лавашқа барлық ингредиенттер салынып болғаннан кейін оны мұқият орап, микротолқынды пешке 1 минутқа салып қоямыз.

Дөнер кебаб дайын!

Астарыңыз дәмді болсын!


Асханада болған Айнұр Ракишева

Денсаулыққа пайдалы салаттар
Үй торты
Тұмауға қарсы шырын
Сүзбе қосылған қатпарлы бәліш
«Құмырсқа илеуі» торты
Қызыл шие бәліші
Sushi step by step
Банан балмұздағы
Шоколад құймақтары
Банан мен шоколад коктейлі
Бесбармақ
Мерекелік салат

Тез пісірілетін пицца

Шоко-шоколад торты


Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

Trending Articles