Quantcast
Channel: Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

Саяхат: Джодхпур қамалы

$
0
0

1. Джодхпур шаһары Делиден 600 шақырым, Джайсалмер штатында орын тепкен.

2. Әдетке айналған Үндістанды шарлау жайындағы посттарым темір жол станцияларынан бастау алады. Пойыз вагондары соңғы станцияға жетпегенше тазаланбайды, салдарынан жағдайы нашар жасөспірімдер вагондарды өз бетімен тазалап, еңбегі үшін жолаушылардан ұсақ тиындар талап етеді.

3. Үнді әйелінің қастары арасындағы үйреншікті даққа қоса, маңдайынан жоғары қарай жағылған қызғылт сызық оның зайыпты екендігін білдіреді.

4. Раджстан штатының егде жасқа жеткен кісілері өзінше мұрттарымен және оралған бас киімдерімен ерекшелінеді.

5. Электр қуаты бағандарда қалай болса солай жайылған сымдар арқылы тұтынушыларға тұрақты түрде жетеді.

6. Гүл бүршіктері түрлі шараларға түсіне байланысты бөлінеді. Қызғылт сары түсті гүлдерді құрметті адамдардың мойнына іледі немесе жаңа сатып алынған көлікті безендіреді. Ал ақ түсті гүл бүршіктері үнді ғибадатханаларында дұға қылғанда құдайлардың мүсіндеріне ілінеді, ал қызыл гүлдер үйлену тойларында жаңадан ерлі-зайыпты болғандарға арнап іледі.

7. Суретке тусіргенім үшін уақ ақша беруге мәжбүр болдық. Оған күә болған қыз бүлдіршін алақаның созып шапшаң жугіріп келген болатын.

8. Үнді көшелеріндегі осындай күнделікті көрініс сирек емес.

9. Жарқын жарнамаға кезігіп қалайша шетел тілінің курсына жазылмасқа.

10.

11. Пойыз терезесінен суретке түсірілген ортағасыр қамалдары. Алайда шөл далада орын тепкен болғандықтан, саяхатшылар тапшы.

12. Біздің жол болса Мехрангарх атты қамал "Megrangarh fort" тарабында.

13. XV-ші ғасырда салынған қамал өзінің зор өлшемдерімен таң қалдырады. Дуалдың биіктігі кей жерлерде 36 метрге жетсе, ені бір жерде 21 метр құрайды.

14. Көбіне үнді саясаткерлерін тасымалдауға арналған "Ambassador" көлігі саяхатшыларды дуалдың шеңберінде серуендеткізуде.

15. Үндістан және басқа да онтүстік-шығыс Азия елдерінде зор қолданыстағы "тук-тук" иә "ауто-рикша" жолаушыларды тасымалдаушы шағын көлік.

16.

17. Қарапайым қара халық шетел саяхатшылармен бірге суретке түсуді ұнатады, жұрт ортасында құрбан болған шетел саяхатшысын байқасаңыз болады.

18. Раджстан штатына әуес "хавели" атты сарайлар. Осы "Умейд Бхаван" хавели сарайы ХХ-шы ғасырда қызықты салдардан бой көтерген екен. Сол заманда өңірде зор құрғақшылыққа тап болған халықты жұмыспен қамту үшін салдырған.

19. Алпауыт қабырғаның ар жағы қонақ үй болса, бер жағын құстар паналаған.

20. Қамал ішіне беттейтін дарбазалардың бірі.

21. Әліге шейін қамалдың ішінде қызу өмір, сондықтан осындай жүк тасымалдап келетін көліктер жетерлік.

22. Кіре берісте дуалдар жарқын суреттерге толы.

23. Ортағасырлық ғимарат пен көрнекті қолшатыр, әдемі көрініс синтезін құрған.

24. Бекіністе ашық аспан астында зеңбіректер түзелген.

25.

26. Бұл зеңбірек оқпаны XIX-шы ғасырда Шотландияда құйылып жасалған екен.

27. Ал бұл қолшатыры бар отырғыш хоуда (Нowdah) деп аталады. Пілдің арқасында орнатылып, мәртебелі пенделерді тасымалдауға арналған.

28. Бұл отырғыш болса ханзадаларға арналған, алайда оны ұзыннан созылған таяқтын көмегімен тасымалдайтын.

29. Сари киген періштелермен безендірілген бесік.

30. Қаншама көрікті көрінгенімен, қазақтын ағаш бесігіндей тебірете алмайды екенсін.

31. Тоты құстың басына сияқты жасалынған қылыш сабы.

32. Лағыл тас (рубин) көзді жолбарыс.

33. Саусақтарға кигізілетін дөңгелектері бар суық қару.

34. Ортағасырлық кастет. Төл аты "katar".

35. Піл сүйегінен қашаланған, аттың бейнесі бар пышақ сабы.

36. Сурет өнерінің шағын жиынтығы, қиял аңдарымен тамсандырады.

37. Үнді құдайлары бейнеленген сурет.

38. Патша сарайының ханымдары мен қызметшілерінің қарапайым өмірі бейнеленген сурет.

39. Раджа сарайының ішкі көрінісі.

40. Қамал аясындағы мәрмәр ғибадатхана.

41.

42.

43. Бәрін тамашалап, көтеріңкі көңілмен қайтса болады.

44. Келесі жүздескенше!

Саяхаттаған: Намаз Нирак

фото автордікі

Алғашқы мото саяхат Дели-Агра-Дели

Ришикеш және ұмытылмас bungy jump

Каджурахо - өнер ме әлде пасықтық па?

Джайсалмер қамалы мен Тхар құмды шөлі

Кочин немесе шығыстың Венециясы


Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

Trending Articles