Quantcast
Channel: Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

Алматы көшелері: Әліби Жангелдин

$
0
0

«Алматы көшелеріне саяхат» айдарының бүгінгі шығарылымы өз өмірін туған халқының бостандығы мен бақыты үшін күрескен қайраткерлеріміздің бірі Әліби Жангелдинге арналады.

Жангелдин көшесі Түркісіб ауданында, Сүйінбай даңғылы мен Шемякина көшелерінің аралағында орналасқан. Ол Райымбек даңғылын, Шота Руставели, Бөлтірік шешен, Баянауыл көшелерін қиып өтіп Мақатаев көшесінде аяқталады. Бұл көше 1974 жылға дейін «Школьная» деп аталған.

Бүгінгі күні Әліби Жангелдин көшесінің бойында:
















Әліби Жангелдин 1884 жылы қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, бұрынғы Торғай уезіндегі Қайдауыл елді мекенінде дүниеге келген.

Қазақ халқының ардагер ұлы, табанды революционер-большевик, көрнекті партия және мемлекет қайраткері Әліби Жангелдиннің өмірі — өз халқына адал қызмет етудің үлгі-өнегесі.

Әліби Жангелдинге өз заманында алуан өмірді көріп, талай қиыншылықтарды жеңуіне тура келді. Шындықты іздеген ол патшаның қуғын-сүргінінде жүріп, көптеген елдерді аралап шықты. Шетелде Жангелдин Николай Степанов деп жазылған паспортпен жүрген. Дүниені аралауға ерік берген бұл кітапшасында: «Николай Степанов, Али-Бей Жангелдин де соның өзі» деп жазылған екен. Бұл кітапшада Жангелдиннің дүние жүзінің көптеген елдерінде болғандығы туралы белгі соғылған.
Шетелдер мен Россия халықтарының өмірін көзбен көріп, бақылау Жангелдиннің рухани дүниесін байыта түсті. Ол қай жерде болса да терең қарама-қарсы қайшылықтарды: қайыршылық пен жоқшылық, бір тілім нан үшін шамадан тыс еңбек пен байлардың еңбексіз еріккен дырдуын, еңбекшілерді кемсітуін және қанаушылардың үстемдігін көрді. Әлеуметтік құрылыстың негізін ұғынып, таптық қайшылықты көре түсті. Алайда бұл жолдағы қауіп-қатер оған өмірден мол тәрбие берді, оны шынықтырып, ақыл-парасатын арттырды. Соның бәрі кейінірек оның революциялық қызметінде айқын көрінді.

Сонау 1916 жылғы дүрбелеңде, сол бір елдік пен құлдық, ерлік пен ездік таразыға тартылған сын сағатта Әліби қалың бұқараның жоқтаушысы болды. Ұлт-азаттық көтерілістің басқарушыларының біріне айналды.

Жазушы, академик Зейнолла Қабдолов бір жазбасында: «1917 жылғы 28 ақпанда патша өкіметі құлады. 2 наурызда Уақытша үкімет құрылды. Осы аласапыранда Әлекең Петроградқа жетті. 7 наурызда жұмысшы және солдат депутаттарының Петроград кеңесіне Торғайдағы қантөгіс туралы шұғыл мәлімдеме түсірді. 10 наурызда кеңестің кезекті мәжілісінде сөз сөйлеп, жазалаушы әскерлердің қаніпезерлік қимылдарын әшкерледі. Қазақ даласындағы шапқыншылықты тоқтатып әскерді шақыртып алдыруды талап етті. Кеңес тиісті қаулы қабылдады» дейді.
Әліби Жангелдин Қазан төңкерісінен кейін Торғай облысының әскери комиссарлығына, кейінірек Далалық қазақ өлкесінің төтенше комиссарлығына тағайындалған.

Ол қазақ елінің, жерінің тұтастығын қалпына келтіру үшін саяси күштердің ұлттық ымыраға келуі қажет деп білген. Ол Алаш партиясының Ахмет Байтұрсынов бастаған Торғай тобына Кеңес өкіметін мойындатып, қарсыласудың қажетсіздігіне басқалардың көздерін жеткізген. Оның батыл қимылы 1919 жылғы сәуірдің басында Алаш қайраткерлеріне кешірім берілуіне себепкер болды. Бұрынғы кінәлары үшін қудалаудан, жазадан құтылғандар кеңес мекемелерінде жұмыс істеуге мүмкіндік алды.

Әліби Жангелдин Далалық Қазақ өлкесінің төтенше комиссары болып тұрған уақытында Кеңес үкіметіне 1919 жылдың жаз айында бытыраңқы облыстардың басын қосу үшін Қазақ комитетін құрған. Ол өзімен бірге Ахмет Байтұрсыновты Мәскеуге алып барады да, ол да осы комитеттің құрамына кіреді. Кеңестік негіздегі Қазақтың автономиялы республикасын құру ісі осылай басталған еді...

Зейнолла Қабдолов өз жазбаларында: «Сол бір қанқұйлы жылдардың өзінде Әлекең қызылда да, ақта да жоқ ізгілік өнегесін көрсетіп берді. 1919 жылдың күзінде өзінің атындағы полкпен Қостанайдан Торғайға, Кеңес өкіметін қайта орнатуға бара жатқан жолда барлаушылар Міржақып Дулатовтан басқа жиырма шақты Алаш қайраткерлерін ұстап алды. Торғайда 17 большевиктің қаза тапқанынан хабардар ашу-ызалы қызыл әскерлер жаңағылардың бәрін де атып тастаймыз деп тап-тап берді. Тергеусіз, сотсыз ешкімді жазалауға болмайтындығын жауынгерлерге түсіндіріп, Әлекең тұтқындарды оқтан аман алып қалды. Торғайға барғаннан кейін оларды марқұмдардың қаны қарайған ағайын-туыстарынан қорғау үшін үш қабат күзет қоюына тура келді...

...Сонымен қатар, Әлекең жер қадірін жете білген көреген қайраткер еді. Ол 1918 жылғы наурызда, Торғай кеңестерінің съезінде ішкі Ресей губернелерінен мұжықтардың көшіп келуіне тыйым салынсын, табиғаты кедей Ырғыз, Торғай уездерінің шаруаларына егіндік, шабындық, жайылымдық жер бөлініп берілсін деп қаулы қабылдаттырды» деп жазған.

Әліби Жангелдин 1919 жылы Қырғыз (Қазақ) өлкесі Ревкомы председателінің орынбасары болып, Қазақстан Советтерінің 1-Құрылтай съезін шақыру жөніндегі жұмыстарды басқарса, 1920-1925 жылдар аралығында Қазақ ОАК Президиумы председателінің орынбасары, Қазақстан КП ОК мүшесі, ал 1938 жылдан 1953 жыл, өмірінің соңына дейін ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты болып қызмет еткен.

Тарихымызда осынша игі істерімен өшпес із қалдырған Әліби Жангелдиннің атында бүгінгі күні Алматы, Ақтөбе, Арқалық, Торғайда ескерткіш, Қостанай облысындағы бір ауданға, елді мекен мен мектептерге оның есімі беріліп, Алматы қаласында өзі тұрған үйіне (Абылай хан даңғылы,121 үй) мемориалды тақта орнатылған.

Мәтін: Айнұр Ракишева
Фото: Айжан Кәрібаева

_________________________________________________________________________

Бұл айдарда жарияланған материалдардың толық тізімі:

Малбағар Меңдіқұлов көшесі

Ораз Жандосов көшесі

Өмірбек Жолдасбеков көшесі

Абдолла Розыбакиев көшесі

Тайыр Жароков көшесі

Жұмағали Сайын көшесі

Досмұхамедов көшесі

Нұрмақов Нығмет көшесі

Бағаутдин Шағабутдинов

Ғани Мұратбаев көшесі

Зейін Шашкин көшесі

Сырбай Мәуленов көшесі

Мағазы Масанчи көшесі

Мұқан Төлебаев көшесі

Серәлі Қожамқұлов көшесі

Үмбетбаев Әнуәрбек көшесі

Айтжан Түркебаев көшесі


Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

Trending Articles