Quantcast
Channel: Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

Ұлттық спорт — балалық шаққа саяхат

$
0
0

Оңтүстік Қазақстанға алты жасымда көшіп келгенімде біздің ауылдың балалары асық, ләнгі ойнап көкпар мен бәйгенің ең жалынды жанкүйері болды. Аз уақыттың ішінде мен де оларға қосылдым... Менімен бірге сол балалық шаққа саяхат жасап, ұлттық спортың қазіргі жағдайымен танысыңыз.

Жақында "Самұрық - Қазына" ҰӘҚ тапсырысымен біздің APEX Соnsult компаниясы ұйымдастырған фотоссесия кезінде "бойында Арыстың" өткен балалық шақ күндерім есіме түсті. Менімен бірге сол балалық шаққа саяхат жасап, ұлттық спортың қазіргі жағдайымен танысыңыз.

Қазіргі асық ойынының майталмандары секілді біз әдемі ұлттық киім кимейтінбіз. Асық ойыны ол кезде ұлттық спорт емес, Наурыздың кезінде ұлттық ойын есебінде жүрді. Көктем басталысымен ауыл балалары қораларында қапшықтарға сақталған түрлі түсті асықтарды көшеге алып шығатын.

Мерекелік ошақтағы отты жағудың арасында, асық ойнайтынбіз. Сақаларымен мақтанатын ))). Ал  металургия саласына жақындары тіпті қорғазын асықтарды да жасайтын. Алайда оларды ойыңға қатыспайтын.Ойындар да әр түрлі болды. Үш табан ойыны - қазіргі компьютердегі стратегиялар іспеттес, ойлануға, жылдам шешім қабылдауға үйрететін.

Омпы ойыны болса мергендікпен танылғандардың үстемдігін көрсететін ойын еді. Байқағаным асық ойыны әр аумақта әр түрлі екен. Тіпті асықты шертудің түрлері де аз емес.Қазір асық ойыны ұлттық спорт түрлерінің бірі.

Ойыншыларда арнайы киім, асық салатын дорбалар да бар екен. Фотосессияны біз Гумилев атындағы ЕҰУ өткізуді жөн санадық. айналадағы антураж жақсы жарасып тұрды.

Айтпақшы осындай ұлттық нақыштағы дизайн ерекші көрінеді екен, оның елімізде кең тарауына күш салған дұрыс секілді. Өйткені ұлттық ойындарымызды осы ескерткіштер арқылы да насихаттауға болады емес па.

Бүгінде асық ойыны ауылды жерде жақсы дамыса керек. Алайда бұрын асықты сүйіп ойнайтын ауылдастарым жағдай бұрыңғыдай емес екенін айтады. Бүгінгі балалар асыққа қарағанда компьютер ойындарын құп көретін көрінеді. Бұл да ойланатын жағдай, өйткені өзіміздің ұлттық ойындарымызды өз ұрпағымыздан басқа ешкім дамытпайды. Осыны бір сәт ойланғанымыз жөн. (Жалғасы бар...)

 

Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

Trending Articles