Осыдан тура екі жыл бұрын Жапония еліне жұмыс сапарымен барған болатынмын. Күн шығыс еліне саяхат, шетелге алғаш шығуым еді. Сондықтан үміт зор болды. Жолдасым Даниалдан алған фотоаппарат ұшақтың ішінде-ақ өзінің тікелей міндетін атқара бастады)))))))
Астанадан Токиоға 14 сағаттай ұшып бардық, негізі ұшықтар Сеул арқылы жетеді екен Токиоға. Бірақ біздің рейс тікелей ушты. Оған борттағы кісілер себеп болған.
Нарито әуежайына қонғанымызда көз шалған мына "ANA" әуе компаниясының ұшақтары.
Әуежай Токиодан 80 шақырым жерде орналасқан екен. Көлемі де әжептеуір үлкен. Ұшақты арнайы тұраққа орналастыру үшін әлі 25 минуттай уақыт "парковка" іздедік. Ақыры ұшақтан түсіп, әуежайдың сыртына шықтық. Айта кететін жайт, Жапонияда бос орынның бәріне түрлі өсімдік отырғызылады. Ағаштарды мына суреттегідей қоршап қояды екен.
Токиоға жеткізетін арнайы қоғамдық көлікке отырдық. Көлік демекші, Жапонияда барлық жерде мынау секілді автотұрақтарды байқауға болады. Көліктер саны мөлшерден тыс (бұл мәселеге біз әлі ораламыз). Ал әуежай маңайындағы екі қабатты автотұрақ мынау
Мынау секілді көп қабатты автотұрақтар Токиода жетіп артылады.
Ал Токионың өзінде көлік козғалысын реттеу үшін түрлі амалдар жасалып жатыр. Мына бірнеше қабатты автотұрақ жалғыз емес. 33 миллион халқы бар Токиода көліктер рет ретімен жүреді көшеде. Тақ күндері, мысалы мамырдың 3,5,7 күндері қалада тек тақ номерлі автокөліктер жүруге құқылы. Ал жұп күндері, мамырдың 2,4,6 күндері номерлері жұп көліктер қала жолдарында жүре алады. Бүл қиындықты жапон азаматтары, көп ойланбастан, көлік номері сай келмейтін күндері "шабандозға" айналып кететін болды, қалталы азаматтар болса Токиоға тақ және жұп номерлі екi көлік сатып алып, шектеусіз келетін болды.
Қалада жол қозғалысын реттеу үшін, жолда көлік тығыздығын азайту үшін көп іс шара қолға алынуда. Бастысы арнайы жолақтар. Олар түрлі түске боялады. Шайтан арбамен жүретіндер мен қоғамдық көліктердің, өздері ғана қатынайтын, жолақтары жасалған. Ал жаяу жүргіншілер жол қозғалысына кедергі болмасын деп жолдардың үстінен көшенің арғы бетіне өтеді. Бұдан бөлек көліктер жүретін бірнеше қабатты жолдар салынған.
Қоғамдық көліктер жүретін жолдардың үстінен, арнайы жер үстіндегi метро қатынайды
Токио орталығына жеткенше біз де 4 - 5 қабаттық денгейдегі жолмен жүріп келдік
Қалада көлік тығыздығын реттейтін тағы бір қызықты заң бар. Түнгі 23 00 ден кейін жекеменшік көлікпен жүруге тиым салынған. Сол себепті кешкі уақытта қалада мынандай такси қаптайды.
Такси арнайы құралдармен GPS, кассалы аппараттармен, тіпті жалықсаңыз (және жапон тілінде еркін оқысаңыз) журналдар мен газеттер дайын тұр. Жол ақысы арнайы аппаратпен есептеледі, біздің тенгемізге шаққанда 1 шақырымы 200 тенге шамасында. Бірақ Токионы таксимен аралап шығамын деген үмітіңізді бiрден үзіңіз. Токио қаласы Астанадан 4,5 есе, ал халық саны жағынан 19 есе үлкен. Қалада тұрғын үйлер мен шағын аудандар өте тығыз орналасқан.
Токио қаласының "Хилтон" қонақ үйінің 39 қабатынан түсірілген кадр.
Дәл осы жерден Жапония императорының жасыл шатырлы сарайы камераға ілікті. Бұл сарай есіктері қарапайым жұртқа жылына бір ақ рет ашылады екен. Сол күні сарайда серуендеуге рұқсат. Біз болсақ сурете тек сыртынан түсіре алдық.
Менімен бірге Токиоға барған видеооператор Виктор Джигирис.
Біз орналасқан шағын аудан Токиода "ақ жағалылар" қызмет ететін аудан болып шықты. "Гинза" деп аталады. Мынау сыртқы көріністері
Ал мынау болса Токионың мақтаулы "Акихабара" атты бизнесi қызып тұрған аудан. Турасын айтқанда бизнес емес, тұрмыстық техника, үялы сымтетіктер, фотоаппараттар, бейнекамералар, әйтеуір жаныңызға жақын, тапсырысыңызға сай нәрсені осы жерден табуға болады. Ал мына адамдардың қолындағы қарапайым қолшатырдарды жауын жауған жағдайда кез келген жерден: мекемеден, полиция бекетінен алсаңыз болады. Тегін. Кейін қажет болмаса басқа мекемеге тастап кете саласыз, реті келгенде басқа біреу пайдаланады. Қысқасы қолдан қолға өтетін Токиодағы ең керекті зат осы қолшатырлар.
Жауын Жапонияда жиі болады екен. Жалпы Токио қаласының климаты сол аумақтың басқа жерлерімен салыстырғанда 10 градусқа жылы болады екен. Себебін ғалымдар жақында анықтады, Токио халқының көптігінен болып шықты
Токио туралы тағы бір қызықты дерек. Мұндағы метроның арнайы қызметкерлері бар екен. Метро есігінен ары қарай симай қалғандарды ішке қарай итеріп кіргізетін қызметкерлер, "толқачи" дейді екен ол азаматтарды. Өкінішке орай метроға түсіп олардың жұмысын түсіруге мүмкіншілік болмады.)))
Токио - жапон тілінен "шығыс астана" деп аударылады. Қалада күніне орта есеппен қуаты әр түрлі 150 жер сілкінісі болады
Токио шеңберінде 3,5 мыңнан астам саябақ бар. Бірақ олар 5 мың гектар жерді ғана алып отыр. Саябақтарға арнайы саяхат ұйымдастырылады, өткені көп саябақтың өзіндік ерекшеліктері мен тарихы бар. 200 - 300 жылғы саябақтар бар.
Бос уақыт пайда болса жапондықтар, ауа райына қарамай саябаққа асығады. Себеп көп. Бұл жердін ауасы қалаға қарағанда таза, әрі өз тарихына ерекше қарайтын жапондықтар осындай тарихи жерлерге келуді парыз санайды.
Осы секілді жерге келіп міндетті түрде, дәрет іспеттес, қолыңды суға шаю керек.
Ағаштан жасалған ожаумен қолыңды шайып, ниетіңді тазартуың керек. Міндетті түрде, жасамасаң ары қарай жол жоқ.
Бұл амал жасалған соң, ниетің таза болып, арнайы "өтініш орындау" ағашына жетесің. Жапондықтар ырымы ма, әйтеуір осы ағашттың айналасына ілінетін тақтайшаға арман тілектерін жазып кетеді екен. Бір екі рет нөсерлі жаңбыр өткен соң әрине тақтайшадан жазылған сөздерің кетіп қалады. Жапондықтардың айтуынша бұл арманың міндетті түрде орындалатыннын белгісі. (Тілегің мен дұғаңды Алла ғана орындайды дегенді естіп, ол ағаштан айналып өттік.) Тағы бір ырым бар жапондықтарда. Күн шығыс еліне Сакура ағашы гұлдеген кезінде келу жақсылықтың белгісі екен.
Ал мынау сол Мейдзи Дзингу саябағында аспан астында орналасқан саке (арақ) мұражайы. Осылай ашық орналасқан мұражайда түрлі сорттағы, шығарылған жылы әр түрлі жапондық ішімдік.
Күндіз толық саябақта қыдырып, түн жарымда қонақ үйге оралып түсірген суретім осы болды. Түнгі Токио міне осындай