Quantcast
Channel: Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

«Қыз Жібектің» жаңа өмірі

$
0
0

Өткен аптада аты аңызға айналған, қырық жылдық тарихы бар режиссер Сұлтан-Ахмет Қожықовтың «Қыз Жібек» фильмінің DVD нұсқасының тұсаукесері өтті.

Қазақстандық киноның «Алтын қорына» кірген фильмді сандық форматқа көшіріп, қайта өңдеу жұмыстарын «Қазақфильм» АҚ 2010 жылдан бастап жүргізген болатын. Оны реставрациялау үшін заманға сай, соңғы үлгідегі техникалар қолданылған.
Пленкамен жұмыс істеу үшін ARRISCAN көшірме қондырғысы пайдаланылып, түрлі-түске бояу, түзету жұмыстары AUTODESK Lustre жабдығы арқылы іске асқан. Ал Protools HD бағдарламасы арқылы материалдың дыбысы өңделген. Фильмнің DVD нұсқасы қазақ және орыс тілдерінде, 10 000 дана болып шықты.

Тұсаукесер рәсіміне ҚР еңбек сіңірген әртісі, фильмде Қыз Жібектің рөлін сомдаған Меруерт Өтекешева қатысты.

Ол шара кезінде шашу шашып: «Мен үшін «Қыз Жібек» фильмі өте қымбат. Бұл фильм – біздің тарих. «Қыз Жібек» арқылы еліміздің аты әлемге танылды. Бүгінде «Қазақфильмнің» осындай киноларды қайта жаңғыртып жатқанына өте қуаныштымын. Әрбір қазақ өз тарихын және оны экранға алып келген өнер қайраткерлерін білуі, әрі ұмытпауы тиіс» - деді.

Меруерт апай фильмнің басты рөліне қалай таңдалғандығы туралы, картинаны түсіру барысында болған қызықты оқиғалармен бөлісіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар, тұсаукесерде тарихи киноэпопея үшін қазақтың қылқалам шеберi Гүлфайрус Исмаиловамен тігілген Қыз Жібек пен Төлегеннің киімдерін жиналған қауым тамашалай алды.

Айнұр Ракишева
Фото: Қайрат Шапырашты

__________________________________________________________________________

Құрметті оқырман, кештің соңында Меруерт Өтекешева «Қыз Жібек» фильмінің күнтізбелеріне қолтаңба қойып, қонақтарға тарту еткен болатын. Осы күнтізбені Қыз Жібек пен Төлегенді өлеңге қосып, 4 шумақ шығарған ақынға тарту етеміз. Өлеңдеріңізді пікірлер ішіне қалдырып, жазбаны қадағалап отырсаңыз, болғаны. Үздік өлеңді бірге таңдаймыз.

 

Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

Trending Articles