Өткен айдың 27-сі күні Ақтау қаласында Жаңаөзенде 2011 жылдың 16-желтоқсанында орын алған тәртіпсіздікті ұйымдастыру бойынша айыпталып жатқан сотталушылардың үстінен сот ісі басталғанын бұқаралық ақпарат құралдарынан естімеген адам аз. Оның есесіне, осы платформада Әсет Нұрпейісов пен Бағлан Айдашовтың жазбалары жарық көріп үлгірді.
Image may be NSFW.
Clik here to view.
Қазақстан интернет Ассоциациясының (Атап айтқанда, Бағланның) шақыруымен мен Ақтауға іссапар жасап қайтып, сот ісінің екі күндік жұмысына блогер ретінде араласқан болатынмын. Сот ісін тікелей трансляциялау туиттерде #актаусуд хэштегімен жүзеге асырылды.Атап өтетін болсақ, осы хэштег пайда болған күннің өзінде-ақ алдыңғықатарлы хэштегтердің арасында көріне білді.