Quantcast
Channel: Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана

$
0
0

Мекен-жайы: Бөгенбай батыр көшесі, 214.
Кітапханаға жазылу үшін:

-  жеке куәлік
-  рәсімдеуге қажетті құжат

Кітапхана интернетке қосылған арнайы компьютерлер, нүктелі-бедерлі қаріппен басып шығаратын принтер, сөйлейтін кітап, DAISY – сандық негізде дыбыстандырылған ақпарат жүйесі, реабилитиция кабинеті, зағиптардың жазуға арналған құралдарымен т.б. жабдықталған.

Кітапхананың жұмыс кестесі:

Дүйсенбі - Жұма: 8.30 - 17.30

Сенбі: сағат 9.00 - 17.00 (оқырмандарға жеке қызмет көрсету мен өнер және спорт әдебиеттері бөлімдері ғана жұмыс жасайды)

Жексенбі: демалыс

Кітапхана оқу залы, абонемент, электронды қор, өнер және спорт әдебиеттерін оқу бөлімі, студия, кітап қорын өңдеу, «Сөйлейтін» және Брайль кітаптарын шығару, автоматтандыру және техникалық қолдау бөлімдерінен тұрады.

Ерекшелігі

Алматы қаласы жоғары және басқа да оқу орындарында оқитын зағип-студенттер үшін түрлі жағдайлар бар: қажетті ақпараттарды дауыстап оқу – қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерінде, компьютерде теріп беру, интернет арқылы материалдар жинақтап беру, тиісті оқу құралдарын дауыстап жазып беру және нүктелі-бедерлі шрифтерге оперативті көшіріп, басып беру, оперативті түрде кассеталарға, дискілерге, флешкаларға көшіріп беру, электрондық залда зағип оқырмандардың өздері жұмыс істеулері үшін де тифлокомплекстер қойылған және көптеген басқа да мүмкіндіктері бар.

Кітапхананың барлық қызметтері: дауыстап оқу, теру, түрлі көшірмелер жасау, кітаптар тасымалдау және т.б. ақысыз көрсетіледі.

Қаланың орталығындағы қазіргі кең де жарық, өзіндік сәулеті бар ғимаратқа кітапхана 1971 жылы қоныстанды. Бүгінде қырық жылдық тарихы бар бұл кітапхана мүгедектердің бар өміріне және қызметіне қоян-қолтық араласа отырып, оңалту, әлеуметтену, білім алу, демалу орталығына айналды.

Кітап қорын 230 мыңнан аса әр түрлі басылымдар құрайды, оқырмандар саны 3 мыңнан асады. Кітапханада 8 бөлім, 8 кітапханалық пункттер, үйде қызмет көрсететін және кітапханааралық абонементтер бар. Мұнда тек көз мүгедектеріне ғана емес, сол сияқты, басқа да топтағы мүгедектерге кітапханалық қызмет көрсетіледі.

Алмас Мырзабеков:

Бұл кітапханаға мектепті бітіруге жақындаған кезде келе бастадым. Одан кейін жиі-жиі келе бастаған кезіміз - студент болып жүргенде. Өйткені студент кезімізде осы кітапхана бізге өте қажет болды. Университеттен қандай да бір оқулықты алып келсек, осы кітапханада оны арнайы оқып беретін апайлар болды. Сосын арнайы копьютерлері, принтерлері бар, солармен керек дүниелерімізді брайль жазбасымен шығарып алуға мүмкіндігіміз болады.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

Trending Articles