Өткен сәрсенбіде, яғни үстіміздегі жылдың 25-ші жұлдызында, «Болашақ бүгіннен басталады» республикалық науқаны аясында, Астана қаласында «Кадмий красный» жастар әлеуметтік көрмесі өтті.
Көрмені ұйымдастырушылар: Қазақстан жастарының Конгресі, «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанаты және Астана қаласы суретшілер бірлестігі.
Көрмеге 25 дана сурет және бірнеше инсталляциялар қойылды. Көрмеге қойылған жас қылқалам шеберлерінің жұмысы, толығырақ, "Кадмий красный" постында.
Жас суретшілер өз жұмыстарында, қазіргі таңдағы жастардың бойындағы проблемалар: жасанды түсік, ішімдік ішу, есірткіқұмарлық, шылым шегуді бейнелеген.
Бір қызығы, өз жұмыстарында қазіргі жастардың басындағы өзекті мәселелерді бейнелеген астана суретшілері, көрме өткізу үшін, Конгресс-холлға қарсы орналасқан жер асты жаяу жүргіншілер өтпесін таңдаған.
Барлық суретдің ішінен маған, суретші Бейбіт Асемқұлдың "Потеря истоков" атты жұмысы қатты ұнады. Бұл жұмысына автор былайша түсіндірме берді: "Ортадағы - мешіттің есігі, екінші тұрған - діни қауым есігі" және т.б. Мұнымен, мен бір емес, бірнеше мәселелердің басын қостым. Менің ойымша, осы жұмысым арқылы біздер аталған мәселерге кезіккен жандарға көмектесудеміз".
Бейбіт Асемқұлдың "Бүгіңгі болмыс" (Сегодняшняя действительность) атты туындысы көрмеге келген жастардың назарын аудармай қоймады. Қоғамдық көлікте жастардың үлкенге орын бермеу мәселесі бейнеленген. "Расында, кей-кейде батыстық болмысқа бет бұрған жастардың қазақи менталитетімізді ұмытқаны ма?"-деген ойда қаласың.
Көпшілік назарын өзіне аударған бұл көрмеде, бала жетектеген ананы да, ақсақал аталарды да, серуендеп жүрген жастарды да кездестіруге болады. 3 сағатқа созылған көрмеге үлгере алмаған азаматтар, ұйымдастырушыларға көрмені тағы да өткізу туралы ұсыныс жасады.
"Мемлекеттік бағдарлама аясында" деп аталатын мына жұмысында, "2008-2010 жылдарға арналған ҚР мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының" қатысушысы ретінде Тәтібаева Гүлмарал, аталған бағдарлама төңірегіндегі бірқатар мәселелерді бейнелеген.
Әлеуметтік көрмеге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов арнай келіп, жас суретшілердің жұмыстарымен танысты.
"Маған қатты әсер еткені, бұл - жастардың өздері көзбен көріп жүрген проблемалары. Мысалы,Астанада салынып жатқан үйлерді көрсеткен. Жеке қаржымен салынып жатқан үйлер тез, әрі сапалы бітеді де, ал бюджет арқылы жастарға деп салынып жатқан үйлердің бітіп болмауы, бітсе де сапасының әлсіз болып жататыны сияқты"- Мұрат Әбенов, "Хабар" агенттігіне берген сұхбатында.
Көрменің мақсаты туралы шараның басты ұйымдастырушысы "Қазақстан жастарының Конгресінің" атқарушы директоры Шахмардан Байманов өз сұхбатында айтып берді: Бүгінгі көрменің басты мақсаты - жастар арасындағы жас суретшілердің үлкен проблемаларды жас суретшілердің көзімен көрсету. Осындай проблеалардың бар екенін және оны шешудің жолдарын көрсету".
"Жас суретшілер бірлестігінің" төрайымы Әйгерім Жұмағалиеваның мына туындысы көрмені тамашалауға келген әр азаматқа үлкен ой салғандығы рас. "Айрылғандар..." деп аталатын бұл туындыда автор, "жасанды түсік" проблемасын көтерген. Қазіргі таңда, жоспарсыз жүкті болған бойжеткендер, көп жағдайда, осы әдісті қолданатындығын көрсеткен.
"Кадмий красный" көрмесі туралы белді БАҚ берілген сұхбаттар, мақалалар:
- Астаналық жас суретшілер жерасты жаяу жүргіншілер өтпесінде көрме ұйымдастырды
- Акция аясында көрме өтті
- В Астане состоится социальная молодежная выставка
- Столичные художники превратили переход под Конгресс-Холлом в лабиринт из человеческих пороков
- В Астане пройдет выставка в подземном переходе
- Остановись, прохожий
- Неравнодушный взгляд проблемам молодежи
- Оголить настоящее во имя светлого будущего
- Мадонна в кимешеке
- Столичный подземный переход на один вечер превратился в художественную галерею
- Акцию "Будущее начинается сегодня!" поддержали художники Астаны
менің твит-аккуантым - @rollan_kazakh