Quantcast
Channel: Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

Воннегуттан дәріс алыңыздар

$
0
0

23 сәуір — Кітап күні


Курт Воннегут «Көркем әдебиет пішіні» курсында білім алып жатқан студенттерге семестрлік тапсырма ретінде жіберген хаты:

30 қараша 1965 жыл.

Қымбаттыларым!

Біздің курс «Көркем әдебиет пішіні мен теориясы» ретінде басталған еді, кейін ол «Көркем әдебиет пішініне» айналды, одан кейін «Көркем әдебиеттің пішіні мен құрылымына», одан «Үстірт сын немесе мықты маман секілді сөзді сүзіп алу» деп аталды. Мүмкін «қара ақпанға» дейін ол «мал шаруашылығына» да айналып үлгерер. Осыдан көптеген жылдар бұрын менің сүйікті достарымның бірі айтпақшы: «Бөркіңді шешпе — біз әлі жеткен жоқпыз».

Сендердің курс жұмыстарыңа келетін болсақ, мен сендерден цинизммен қатар әділдікті талап етемін. Әлемнің жаратылысына тағзым етулеріңді, еш қиналмастан таң қалуларыңды қалаймын, алайда сендердің терең орныққан көзқарастарыңды немесе дүние жайлы танымдарыңды қорлаған суреткерлерге ұялмай қарсы шығуларыңды сұраймын. Бұл «бәрінен маңызды»...

Сендерден «Заманауи әңгіме шеберлері» («Masters of the Modern Short Story») (У. Хэвигхерст редакторлығымен, 1955, Harcourt, Brace, 14,95 доллар, жұмсақ мұқабада) атты топтамадан 15 әңгіме оқып шығуларыңды сұраймын. Әр әңгімеден ләззат алып, осыдан 7 минут бұрын ең жақсы ішімдіктен бірнеше рет сіміріп алғандай оқи отырыңдар. «Кішкентай бала сияқты болмасаңыздар...»

Содан соң таза ақ парақ алып, оған кітап мазмұнын жазып қойыңыз, парақтардың нөмірін қалдырып, олардың орнына бестен нөлге дейінгі бағаңызды жазып шығыңыздар. Бұл бағалау өзімшіл, ұятсыз баланың қанағаттану немесе қанағаттанбау көрсеткіштері секілді болуы тиіс. Маған сендердің нені, қалай бағалап жатқандарың маңызды емес. Бар болғаны, сендерге бір әңгіме екіншісіне қарағанда көбірек ұнауы тиіс.

Осыдан кейін өзіңізді университетке еш қатысы жоқ сапалы әдеби журналдың кіші, бірақ ақылды редакторы ретінде елестетіңіз. Енді сізге ең ұнаған үш әңгіме мен ең ұнамаған үш әңгімені, жалпы саны алты әңгімені, таңдап алыңыз да, оларды журналға жариялау керек деп ойлаңыз. Сөйтіп ақылды, құрметті, тапқыр, бірақ өмірден шаршап-шалдыққан редакция басшысына әр әңгіме туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Осыны академиялық сыншы, өнерге берілген адам, не әдебиет нарығындағы хайуан секілді жазбаңыз. Қарапайым саналы адам ретінде әңгімені сәтті ететін не, және оның сәтсіздігіне кінәлі нәрселерді практикалық тұрғыдан тізіп шығыңыз. Оны қалағаныңызша мақтаңыз немесе даттаңыз, бірақ сабырлы, салмақты болыңыз және сізді толғандыратын, әрі ұнайтын жерлеріне аса мән бере отырып жазыңыз. Шынайы болыңыз. Өзгеге еліктеуге тырыспаңыз. Оған қоса, жақсы редактор болыңыз. Құдай көріп тұр, әлемге жақсы редакторлар көбірек қажет.

Сендер бұл жерде 80 адамсыңдар, ал мен соқыр болып қалуымды немесе сендердің біреулеріңді өлтіріп қоюды қаламаймын, сондықтан әрқайсыңнан 20 беттен жеткілікті. Ызаланбаңыз. Бір жерде тұрып қалмаңыз. Және маған түсінікті сөздерді ғана қолданыңыздар.

Аударма: ИноСМИ,

Түпнұсқа: Slate

Қазақшалаған: Айнұр Ракишева

 

Курт Воннегут — американдық жазушы, сатирик және суретші. 1922 жылдың 11 қарашасында Индианаполисте қарапайым архитектордың отбасында дүниеге келіп, 2007 жылдың 11 сәуірінде Нью-Йорк қаласында өмірден озған. Курт Воннегут Американың ХХ ғасырдағы ең танымал жазушылар қатарында. «The Sirens of Titan» (1959), «Mother Night» (1961), «Slaughterhouse-Five» (1969), «Breakfast of Champions» (1973) сынды сатира, тұрпайы юмор және ғылыми фантастика элементтерін жинақтаған туындылардың авторы.


Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

Trending Articles