Quantcast
Channel: Блог-платформа Your Vision
Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

13-05-24 11:55:33 Гүлзира АЙДАРБЕКОВА, Қайрат Нұртастың анасы, продюсері:ҚАЙРАТТЫҢ ЖЕКЕ ӨМІРІНЕ АРАЛАСУҒА ЕШКІМНІҢ ҚАҚЫСЫ ЖОҚ!

$
0
0

– Қайраттың семейлік тыңдармандары сізді сотқа бермекші екен. Осы жөнінде өзіңізден білмекші едік.

– Былтыр Семей өңірінде қойылған концертке екінші бөлім мүлдем жоспарланбаған. Жарнамалық парақшалардың өзінде бір ғана концерт жазылып тұр ғой. Ұйымдастырушылар «мүмкіндік болып жатса, екі рет қатарынан концерт беріп қалар. Керісінше болып қалған жағдайда, ешқандай реніш болып жүрмесін» деп халыққа алдын-ала ескерткен. Олардың Қайратты көруге құштарлығын байқаған соң, «бағымызға қарай көрейік» деген оймен тәуекелге бел буған. «Ауырып қалып, екінші концертті бермейтін болды» деген сөлекет сөзді естіген екі-үш тыңдармандар ұлымның суретін жыртып, аяққа таптағанда жүрегімді тілім-тілім етті. Әкімшіліктің қызметкерлерінен кім екенін сұрастырғанымда «базарда қызмет жасайтындар» деген еді. «КТК» телеарнасындағы «Наша правда» бағдарламасында Семейде өтпей қалған ән кешіне байланысты екі-үш азаматшаны «базар жұмысшылары» дегенім де сондықтан. Оларды кемсіту, не болмаса мұқату мақсатында айтқан жоқ болатынмын. Ол да бір кәсіптің иесі ғой. Семейліктерге ешқандай өкпеміз жоқ. Бұл – тек қана екі-үш әйелдің арандатуы, ылаңы ғана. Ондай жандар тек Семейден ғана емес, кез-келген өңірден табылуы әбден мүмкін. «Атың шықпаса, жер өрте» деген осы. Сотқа беріп жатса, біздің де айтарымыз бар.
– Ғаламторда Қайрат Нұртастың жұбайымен, қыздарымен түскен суреттері жарияланып жатыр. Келініңіз, немереңіз бар ма?
– Ол – Қайраттың жеке өмірі. Оған ешкімнің араласуына қақысы жоқ.
– Құпия болып қала береді дейсіз ғой...
– Жеке өміріне емес, шығармашылығындағы табыстарына үңілсе екен деймін. Әрине, көре алмайтындар көп. Соның өзінде Қайрат жүрекпен әндерін шырқаған соң, жүрекке жетіп жатыр. Бүгінгі күнге қаражат, не болмаса комерциялық телеарнадағы жарнамасы арқылы емес, өзінің еңбегімен жетті. Он сегіз жасынан бастап концерт залы жоқ шағын ауылдарды, еліміздің, шет елдің түкпір-түкпірін аралады. Бір күн емес, екі күн емес айлап жүріп концерттер ұйымдастырып, мүгедек жандардың операциясына тамшыдай болса өз үлесін қосты. Өмірде болған шындықты киноға да қосқан едік. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын» дейді ғой. Ешқандай демеушісіз-ақ, маңдай терінің арқасында биіктен көрініп отыр.
– Қайрат Нұртастың өмірінен сыр шертетін «Өкініш» фильмі қаншалықты табысты болды? Шығынын ақтады ма?
– Көрсетілім Алматының кинотеатрларында 25-мамырға дейін ұзартылып отыр. Көрсетілмей қалған шалғай аудандарда қойылғаннан кейін ғана толығымен ақпаратты беретін боламыз.
Сұхбаттасқан  -  Салтанат СҮГІР


Viewing all articles
Browse latest Browse all 18101

Trending Articles